Астанада Respublica партиясының V кезектен тыс съезі өтеді. Саяси жиын 2026 жылғы 4 шілде күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы SAAD Hotel Astana қонақүйінде ұйымдастырылады. Съезд Достық көшесі, 2 мекенжайында, қонақүйдің 3-қабатындағы Grand Ballroom залында өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары, Орталық кеңес пен өңірлік кеңестердің мүшелері, өңірлік филиалдардың төрағалары қатысады. Сонымен қатар ReJastary және ReWomen қауымдастықтарының белсенділері де съезд жұмысына атсалысады.
Кезектен тыс съезд барысында партия қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралады. Сондай-ақ Respublica партиясының соңғы 3 жылда атқарған жұмысының қорытындысы талқыланады.
Партия өкілдері үшін бұл жиын алдағы саяси кезеңге дайындық, ішкі құрылымды жүйелеу және өңірлік жұмысты күшейту тұрғысынан маңызды болмақ. Съезд аралас форматта өтеді. Яғни қатысушылардың бір бөлігі офлайн қатысса, бір бөлігі онлайн қосылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу 2026 жылғы 3 шілде күні сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі. Өтінімдерді Respublica партиясының баспасөз қызметі қабылдайды.
Журналистерді аккредиттеу бойынша байланыс телефоны: +7 778 461 25 68. Жауапты тұлға – Айнұр Нұрманғалиева.
БАҚ өкілдері съезге тек аккредиттеу тізімі бойынша және қызметтік куәлігін көрсеткен жағдайда ғана кіргізіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







