Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.
Қалалық әкімдік оның басқа жұмысқа ауысқанын хабарлады.
Әмрин 2022 жылдың ақпанынан бері мегаполистегі сәулет, қала құрылысы, энергетика, қаржы және сумен қамту мәселелеріне жауап берген болатын.
Әмрин мемлекеттік қызмет жолын Ақмола облысынан бастаған. Әділет министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жетекші лауазымдарда істеді. Қаржы вице-министрі болды, Индустрия министрлігінде және Бас прокуратурада қызмет атқарды.
Кейіннен Астана әкімінің кеңесшісі болып, 2016-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары лауазымында отырды. Ал Алматыға келген соң Ерболат Досаевтың оң қолы ретінде танылды.
Сонымен қатар, Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин де қызметінен кетті. Бұған дейін әкімнің тағы бір орынбасары Әсем Нүсіпова да лауазымымен қоштасқан еді.
Еске салсақ, биыл көктемде Ерболат Досаев Алматы әкімінің креслосымен қош айтысып, оның орнына Дархан Сатыбалды келген. Содан бері жаңа басшы әкімдік аппаратын Досаевтың командасынан тазартуға үстінде.