Президент Тоқаев Парламентті бір палаталы ету халықаралық тәжірибеге сай шешім екенін айтты деп жазады Ertenmedia.
Оның сөзінше, Мәжілістің қазіргі құрамы өз мерзімі аяқталғанша заң шығару жұмысын тұрақты атқара береді.
Сенаттың қызметі референдум өтіп, жаңа парламент сайланғанша жалғасады.
Президент саяси партияларға осы уақытты сайлауға тыңғылықты дайындалуға пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ депутаттарды ел тағдырына қатысты ауқымды өзгерістерге жауапкершілікпен қарауға шақырып, мұндай реформа халықпен ашық талқылануы тиіс екенін атап өтті.
«Тек ашық диалог арқылы әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деді президент.
Толығырақ телеграм-арнамыздан оқыңыздар.