Шымкент хабтың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға IT саласына қызығушылығы бар 171 команда қатысып жатыр. Олар жасанды интеллект, блокчейн тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа жоба жасап шығуы керек. Қатысушылар өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін, инновациялық идеялар ұсынуы тиіс.
Хакатонның жалпы жүлде қоры — 50 мың АҚШ доллары.
Бұған дейін Шымкентте Орта Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі – Decentrathon 2 өткен еді. Одан бері де қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен түрлі іс-шаралар, форумдар өткізілуде. Кезекті хакатон сайысы да IT саласын дамытуға өз септігін тигізбек.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

