Сутегі отын ретінде болашақтың қуат көзі деп аталғанымен, оның әлі күнге кеңінен тарамауының нақты себебі бар. Басты себеп таза сутекті алудың қиындығы мен оған кететін шығындардың тым жоғары болуы, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әлемде сутегі ең көп таралған элемент болғанымен, оны отын ретінде қолдану үшін таза күйде алу қажет. Бүгінде әлемдегі сутегінің шамамен 96%-ы табиғи газдан алынады. Мұндай әдіс қоршаған ортаға зиянды бір тонна сутегі өндірілгенде атмосфераға 9-12 тонна көмірқышқыл газы бөлінеді.
Қазіргі кезде АҚШ-та өндірілетін сутегінің шамамен 95%-ы «сұр сутегі» деп аталатын, жоғары температурада табиғи газдан алынатын сутегі болып отыр. Бұл әдіс бір килограмм сутегі өндіргенде шамамен 12 килограмм көмірқышқыл газын шығарады.
Бұдан басқа таза тәсіл «көк сутегі» аталады, онда көмірқышқыл газының бір бөлігі ұсталады, бірақ оның өзі атмосфераға әр килограмм сутегі үшін 3-5 килограмм СО₂ бөледі.
Сутегі өндірісін экологиялық таза етудің ең тиімді тәсілі «жасыл сутегі» технологиясы. Бұл әдіс бойынша күн мен жел энергиясын қолданып, судан электролиз арқылы сутегі алынады. Алайда бұл тәсіл қымбат, әрі тұрақты жұмыс істеуі күн мен желдің қолжетімділігіне тәуелді. Осы себепті «жасыл сутегіні» өндіру үшін қажет құрылғылардың құнын төмендету – басты міндет.
Массачусетс технологиялық институтының (MIT) зерттеулері бойынша, сутегі өндірісіндегі негізгі кедергі электролизерлердің қымбаттығы. Осыны шешпей, сутегінің болашақта отын ретінде кеңінен таралуы екіталай.
Сондықтан сутегі энергиясының болашағы – таза сутегі өндіру технологияларының тиімділігін арттыруға тікелей байланысты болып отыр.
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







