Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Керуен» сауда орталығының алдындағы қазіргі сквер орналасқан жер учаскесінің болашағы туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасында бұл жер учаскесі Тимур Құлыбаевқа тиесілі болғанын, алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен республикалық Jer Amanaty жер комиссиясының оны мемлекеттік меншікке қайтарғанын мәлімдеген еді.
«Бұл учаске астаналықтарға «Северное сияние» тұрғын үй кешені мен «Керуен» сауда орталығының арасындағы бос алаң ретінде белгілі. Ол ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай келді», – деп жазды Базарбек.
Бүгін Есіл ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Керуен» сауда орталығы алдындағы жер учаскесі мемлекеттік қорға өтетінін растады.
«Жер толығымен қала меншігіне қайтарылады. Құрылысқа салынған қаражат қала активінде қалады, яғни жекеменшікте болмайды. Бұл парк қазіргі таңда қала тұрғындары үшін ашық және ол елордаға өте қажет. Әкімдік аумақты абаттандыру бойынша байқау өткізіп қойды», – деді Қасымбек.
Айта кетейік, бұған дейін Тимур Құлыбаев Испанияның Таррагона провинциясында тағы бір қомақты жер учаскесіне иелік ететіні белгілі болды. Осы туралы ақпарат таратқан бірқатар телеграм арналардың мәліметіне сәйкес, жердің ауданы – 4,5 гектар, ал құны шамамен 10 миллион еуро (5,5 миллиард теңге),