Түркістан облысынан басталған кадрлық ауыс-түйіс осы аптада да жалғасуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Telegram арналарда да осы бағыттағы ақпарат пайда болды.
«Еліміздегі кадрлық ауыс-түйістер осы аптада жалғасады», — деп жазылған ақпараттардың бірінде.
Айта кетейік, жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, Президент әкімшілігіне ауысты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада.
Ол 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Артынша бұл қызметке 40 жастағы Нұралхан Көшеров тағайындалды.
Алайда сол жағалау ауыс-түйіске қатысты әзірге тыныш.