Бектенов бастаған министрлер кабинеті алғаш рет сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарды. Жаңа Үкімет жасақталғанға дейін қазіргі құрам өз міндетін уақытша атқара береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқаев бұған дейін министрлер кабинетінде жаппай ауыс-түйіс болмайтынын меңзеген еді. Президент Үкіметтің қазіргі жұмысына жалпы алғанда көңілі толатынын айтып, «жұмыстан шығару үшін жұмыстан шығару» ұстанымын қолдамайтынын атап өткен.
Мемлекет басшысының сөзінше, кадрлық өзгерістердің мақсаты жекелеген шенеуніктерді қызметінен аластату емес, Үкімет жұмысына жаңа серпін беру болуға тиіс.
Сондықтан әзіргі өкілеттіктің тоқтатылуы бүкіл кабинеттің міндетті түрде жаңаратынын білдірмейді. Қазіргі министрлердің басым бөлігі жаңа Үкімет құрамындағы қызметін сақтап қалатын тәрізді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







