Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мемлекеттік тілді қалай үйреніп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер вице-министрден қазақ тілін үйрену үшін қандай сервистерді қолданатынын және қай бағдарламаларды басқаларға ұсынатынын сұрады.
Дмитрий Мун мемлекеттік тілді меңгеруде ChatGPT қолданатынын айтты.
«Алдымен әріптестеріммен бірге есеп дайындаймыз, содан кейін оны ChatGPT-ге беріп, сөйлемдерді жеңілдетуін сұраймын. Яғни, күрделі құрылымдардың орнына қарапайым сөйлемдер жазуды өтінемін. Кейін мәтіннің соңына «рақмет» сөзін қосуын сұраймын. ChatGPT мәтінді толығымен қайта жазғанда, оның «дауыстап оқу» функциясын пайдаланамын. Бұл маған сөздердің дұрыс айтылуын және интонацияcын түсінуге көмектеседі. Кешке құлаққап киіп, айтылуын тыңдаймын, осылайша онлайн режимде өз білімімді жетілдіремін», – деді вице-министр.