Ресей мен Қытай арасындағы «Сила Сибири-2» жобасына бойынша меморандум қол қойылғанын білеміз. Құжаттың мазмұны мен шарттары теңдіктен гөрі тәуелділікке көбірек ұқсайды. Ertenmedia осы мәселені байыппен саралап, қарапайым сандардың астарында қандай сыр жатқанын білуге тырысты.
Бүгінде Қытай Ресейден газдың әрбір текше/метрін 100-110 доллардан алып отыр. Бұл Ресейдің ішкі нарығында бағасымен бірдей. Бұрын Еуропа орыстың газының әрбір текше/метірен 300-400 доллар төлеуші еді.
Осыан-ақ, ресми Бейжіңнің өз шарттарын өткізіп, энергетикалық келісімді өз пайдасына шешкенін байқауға болады. Оның үстіне «Сила Сибири-2» әлі салынып бітпеген жоба. Ресей миллиардтаған инвестиция құйып құбырды салып жатқанда, Қытай бүкіл шартты өз мүддесіне қарай бұрған ойыншыға айналды.
Меморандум ниет білдіру құжаты. Бірақ оның ішінде нақты баға формуласы, құрылыс мерзімі, инвестициялық бөлініс туралы ештеңе көрсетілмеген. Мұндай жағдайда «тең әріптестік» туралы айту, шын мәнінде, ішкі аудиторияны жұбатуға арналған саяси риторикаға ұқсайды.
Себебі Ресей өз газын Қытайға арзанға беріп, ішкі тұтынушылардан газбен толық қамти алмауда. Экономикалық тұрғыда ақтауға келмейтін саясат.
Енді логистикаға келейік. «Сила Сибири-2» газ құбыры үлкен жоба. Қазақстан мен Моңғолия арқылы Қытайға өтеді. Бірақ бүкіл ауыртпалық пен шығынды Ресей көтереді. Қытай тарапынан қаржыландыру туралы нақты ақпарат жоқ.
Газдың ішкі бағамен сатылуы тек бір эпизод. Бұл Ресейдің энергетикалық саясатындағы жүйелік дағдарысты көрсетеді. Бір кездері Еуропаға газ сату арқылы бюджетке миллиардтаған кіріс түсірген ел, қазір сол газды арзан бағамен бір ғана клиентке беріп отыр.
Клиент өз шартын өзі жазады. Қажет болса, жобадан бас тартуы да ғажап емес. Осылайша Ресейдің энергетикалық саясаты Қытайға толық тәуелді болып келеді.
Бір қызығы, «Сила Сибири-2» жобасы жайлы ресми ақпарат пен сараптамалық пікірлердің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ресей үкіметі бұл жобаны болашақтың негізі ретінде көрсетсе, экономистер оны Қытайға энергетикалық бағынудың нышаны деп бағалап отыр.
Қытай ешқандай жеңілдік беріп отырған жоқ. Керісінше, келіссөздер барысында бағаны өзі белгілеп, логистика мен саясатты өз ыңғайына икемдеп отыр.
Еуропа мен АҚШ санкцияларынан соң Ресей жаңа нарық іздеп, Қытайға жүгінді. Бірақ бұл бетбұрыс геосаяси теңгерімді емес, экономикалық бағыныштылықты қалыптастырды.

