Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу бойынша баяндама жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Қазақстанда ЖИ-ді дамыту үшін Үкіметте бес жылдық тұжырымдама қабылданды. Осы тұжырымдама бойынша бірнеше маңызды бағыттар бар. Бірінші – супер компьютерлік инфрақұрылымды құру, екіншісі – заңнамалық актілерді дайындау, үшіншісі – адами капиталды дамыту. Осы бағыттар келесі жылы қарқынды түрде пысықтаймыз», — деді министр.
Министр жиын соңында ЖИ арқылы Үкімет отырысынан протокол толтырып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырманы қалай бергенін экраннан көрсетті.
Артынша Жасұлан Мәдиев пен Олжас Бектенов арасындағы диалог өрбіп, «бәріміз жұмыссыз қалатын болдық қой. Протоколды өзі дайындайды, тапсырманы өзі береді. Біз не істейміз?!»- деп күлдірді премьер-министр Бектенов.