Алматыда 20 жастағы спортшы қаза тапты. Мәліметке сүйенсек, марқұм — кикбоксер Әли Серік, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша таныстар арасында жанжал туындап, олардың бірі пышақ қолданған.
Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
Әли Серік – танымал сингапурлық ONE Championship ұйымында өнер көрсеткен кәсіби кикбоксшы. Ол Titan Fight Club (Алматы) командасында болған.
2022 жылы 17 жасында Малайзияда өткен чемпионатта ересектер арасында муай-тайдан (А класы) әлемнің ең жас чемпионы атанды.