Шерзат ісінен кейін есімі жиі айтылған Хасан Қасымбаевқа қатысты әлеуметтік желі мен БАҚ-та тағы бір ақпарат пайда болды. Тараған ақпаратта Қасымбаевтан бір айып алып тасталғаны айтылады. Дегенмен Алматы облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
БАҚ мәліметінше, Хасан Қасымбаевтан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деген айып алып тасталған. Ал Алматы облыстық ПД жауабында бір емес, бірнеше бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған.
«Көрсетілген тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», — деп жазылған жауапта.
Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінген болатын.
Ол 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.