Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданы әкімдігінің ғимаратына барып, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жұмыс сапары барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі мен сапасын сақтау, сондай-ақ қызметкерлер мен аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Әсіресе, әкімдік ғимаратының ішкі жоспарлануы, инженерлік желілердің сапасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта құруға ерекше көңіл бөлінді.
Одан кейін Дархан Сатыбалды Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып, ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Қала басшысы театрдың функционалдық ерекшелігін сақтау, көрермендер мен шығармашылық ұжымға қолайлы жағдай жасауға бағытталған шешімдер мен техникалық жұмыстарды пысықтады.

Сонымен қатар қала әкімі Сайран көлі маңындағы аумақ пен Үлкен Алматы өзені арнасының бойындағы жер телімдерін аралап, олардың қазіргі жай-күйін саралады. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде аталған аумақтарды кешенді түрде дамытып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қалалық ортаны абаттандыруға мүмкіндік туатыны айтылды.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер Алматы әкімдігінің тұрақты бақылауына алынды.
Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға күш салып келеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







