Қазақстанда репрессиялық жазалау машинасынан миллиондаған адам өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Олардың басым көпшілігі саяси баптар бойынша сотталғанын білеміз. Тағдырлары тас-талқан болған мыңдаған адамның арасында ерлер де, әйелдер мен балалар да бар еді. Мұнда тек кеңес азаматтары ғана емес, сонымен қатар 150-ден астам шетелдік тұтқын, соның ішінде Испания азаматтары да жазасын өтеген.
2013 жылы Қазақстан Испанияға сол тұтқындарға қатысты архивтік құжаттарды тапсырды. Кейінірек Испанияда осы тақырып бойынша «Қарағандыда ұмытылғандар» атты деректі фильм түсіріліп, 2014 жылы үздік деректі фильм атанды.
Ал жақында Netflix-пен бірлескен қазақстандық-испандық көркем фильм «Перемирие» жарық көрді. Фильмде КарЛАГ-тағы тағдыр тәлкегіне түскен екі испандықтың өмірі баяндалады. Бірі Франко диктатурасына қарсы республикалық қозғалыс өкілі болса, екіншісі фалангист, диктатордың жақтаушысы. Саяси көзқарастары бір-біріне мүлде кереғар екі азамат Қазақстанда тағдырластар ретінде кездесіп, адамшылық құндылықтарды қайта бағамдауға мәжбүр болады.
Бүгінгі таңда фильмнің тақырыбы өте өзекті. Себебі әлемде жаңа соғыстар мен саяси қуғын-сүргіндер қайта белең алып жатқан кезеңде, тарихтың қателіктерін қайталамау туралы ойланатын уақыт жетті.
Туынды атақты Эрих Мария Ремарктың романы бойынша 2022 жылы түсірілген «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмімен үндес келеді. Сол фильмнің режиссері Эдвард Бергер: «Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы атмосфера бүгінгі күнмен ұқсас. Біз ешқашан қайталанбайды деп ойлаған дәуірге қайта оралдық», – деп айтқан еді.
«Перемирие» фильмі де ХХ ғасыр басындағы қорқынышты оқиғалардың тоталитарлық режим кезінде адам өмірінің еш құны болмай, тарих қайта қайталанатынын еске салады.
Президент аштық пен қуғын-сүргіннен мыңдаған адам шет елге бас сауғалағанын айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

