Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттікті беру тәртібін нақтылау қажеттігін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Конституция бойынша Президент міндетін атқара алмаған жағдайда өкілеттік Сенат төрағасына беріледі. Егер ол да мүмкін болмаса, бұл құқық басқа лауазымды тұлғаға өтеді.
Тоқаевтың айтуынша, басты мәселе «қалған мерзімге» деген ұғымда. Себебі бұл мерзім алты ай да, алты жыл да болуы мүмкін.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы президенттік өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, кезектен тыс сайлауды екі ай ішінде өткізу талабын Конституцияда нақты бекітуді ұсынды.
Айтпақшы, Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентін қайта атауды ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

