Елімізде кәсіпкерлер қолданатын POS-терминалдар бақылау-кассалық машиналармен (БКМ) біріктірілмек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, еліміздегі кәсіпкерлер 1 182,3 мың бақылау-кассалық машина қолданады. Оның 96%-ы немесе 1 139,1 мыңы онлайн бақылау-кассалық машиналары.
Алдағы уақытта барлық POS-терминалдар БКМ-мен теңестіріледі деген жоспар бар. Бұл бағытта «Онлайн-БКМ мен POS-терминалдарды біріктіру бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілген.
Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп БКМ мен POS-терминал функцияларын біріктіру және тауарлардың штрих-кодтарын сканерлеу үшін сканермен интеграциялау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде БКМ және POS-терминал модельдері бірлескен режимде жұмыс істеп, төлем туралы ақпаратты бір ғана түбіртекке басып шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ қолдану шығындарын азайту мақсатында түбіртектерді тегін негізде тікелей жіберу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұл жаңашылдық кәсіпкерлерге шығындарды азайтуға, есеп жүргізуді жеңілдетуге және төлем процесін анағұрлым ашық әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Наурызда қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр. Бұл айдың ерекшелігі мереке күндері демалыспен ұштасып, жұмыс апталарын қысқарталады. Толық ақпарат осында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

