Қазан айында өткен Құрылтай отырысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдауды қысқарту туралы жариялай отырып, көптеген қазақстандықтар отбасылары бұл төлемдерсіз-ақ жақсы өмір сүріп жатқандықтан, әлеуметтік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ресми статистика және нақты көрсеткіш
Қазір жәрдемақы қажет болмайтындай деңгейде жақсы өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың нақты саны белгілі болды.
Әлеуметтік төлемдерді алудан өз еркімен 729 адам бас тартқан. Еске сала кетейік, ел халқының саны шамамен 20,6 млн адамды құрайды.
Бұл сан, әрине, таңғалдырарлық. Бұл халықтың мемлекет қолдауына мұқтаж еместігінің және қаржыны «анағұрлым басым мақсаттарға» бағыттау керектігінің нағыз жүз пайыздық көрсеткіші. Тағы бір мәрте еске салсақ, бұл мақсат әскерді қайта даярлау болып шықты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







