«Қайраттың» тарихи дебюті сәтті болды. Қазақ футболшылары «Емирейтсте» «Арсеналға» лайықты қарсылық көрсетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
29 қаңтарға қараған түні Лондонның әйгілі «Емирейтс» стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы тур матчы өтті. «Қайрат» Англияның атақты «Арсеналына» қарсы барын салды.
Ойын басталғаннан-ақ алаң иелері екпінді күшейтті. Үшінші минутта-ақ Дьекереш есеп ашты. Бірақ қазақстандық футболшылардың рухы түспеді: арада төрт минут өткенде Жоржиньо пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті теңестірді. 15-ші минутта Хаверц алаң иелерін қайта алға шығарса, 36-шы минутта Мартинелли есепті еселеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бірақ ойын соңына дейін «Қайрат» қайсарлығын жоғалтқан жоқ. Жеңіліске мойынсұнбай, табандылық танытып, соңғы секундтарға дейін шабуылын үдетті. Осы жігерлі ойынның нәтижесінде қосымша минуттардың үшіншісінде Рикардиньо тамаша гол соғып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.
Турнир кестесінде «Қайрат» 36-шы орында қалып қойғанымен, Чемпиондар лигасындағы алғашқы қадамның өзі қазақ футболы үшін үлкен жетістік.
«Арсенал» сегіз ойынның барлығын жеңіп, турнирдің көшбасшысы атанды. Екінші орында жеті жеңіспен «Бавария», үшінші орында алты жеңіс жинаған «Ливерпуль» келеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

