Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, жауын-шашын мен көктайғақ болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» дерегінше еліміздің солтүстігі мен орталық аймақтарында қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, күн жылы болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ салдарынан жолда жүру қиындайды. 16 өңір мен Астанада дауылды ескерту жарияланды.
Астанада ауа райы тұрақсыз: қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ күтілуде. Түнде −7–9 °C, күндіз −1 мен +1 °C аралығында болады.
Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде −1–3 °C, күндіз +5–7 °C шамасында.
Шымкентте күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5–7 °C болса, күндіз +13–15 °C-қа дейін көтеріледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

