Премьер Олжас Бектенов «С5+1» форматы аясында Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жиынға дипломатиялық корпус өкілдері, оның ішінде АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули М. Стаффт, халықаралық компаниялар мен іскер топтардың басшылары, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Премьер-министр өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызына тоқталды.
– Қазақстан қазіргі таңда маңызды саяси кезеңнен өтуде. Алдағы 15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасын дауысқа салады. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолындағы саяси реформаларының басты көрінісі, – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының айтуынша, атқарушы биліктің негізгі мақсаты елдегі экономикалық өсімді тұрақты ету арқылы халықтың табысын арттыру және өмір сапасын жақсарту. Осы мақсаттарға жету үшін елде жаңа инвестициялық циклді іске қосуға бағытталған кешенді шаралар қабылданып жатыр.
Кеңеске қатысушылар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Айтқандай, Президентәмәз Тоқаев Уашиңтонда өткен «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысында Доналд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

