Атырау облысында ата-енесін өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның тағы бір суреті жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Суретте қолы кісенделген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қасында отырған әйелі Ақбаян Мұқанғалиева анық көрінеді. Мұқанғалиеваның қолында кісен жоқ. Ерлі-зайыптылардың артында тұрған адамдар Индонезия полициясының қызметкерлері болуы мүмкін.
Бұған дейін ерлі-зайыптылар Ломбок аралының Сенару ауылында тұтқындалған еді. Қазір оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Арнайы операция 24 ақпанда өткен екен. Қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы И.Команг Виландра күдіктінің Сенару ауылында жүргенін біліп қойып, жедел құрықтау шарасына кіріскен. Құқық қорғаушылар қонақүйге сау етіп кіріп келгенде, Сәрсемәлиев қашуға әрекет қылыпты, алайда алысқа бара алмаған.

Еске салсақ, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева былтыр қарашада Атырау облысының Жангелдин ауылында Мұқанғалиеваның ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Қаза тапқан ерлі-зайыптының денелері өз үйлерінің қора-жайының астынан табылған. Тергеу күдіктілер қылмыс іздерін жасырып, мүліктер мен ақшаны өздеріне иемденгенін мәлімдеген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







