Соңғы кезде әлеуметтік желіде шаурмаға қатысты түрлі пікір көбейді. Кейбір мамандар оны «зиянсыз» тағамға жатқызса, енді бірі керісінше сақ болуға шақырады. Қазақстандағы тамақтану мәдениеті өзгеріп жатқан тұста бұл мәселе өзекті болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бір қарағанда шаурманың құрамы қарапайым: тауық еті, көкөніс, нан. Бірақ мәселе оның қалай дайындалатынында. Диетологтардың айтуынша, ең үлкен қауіп соустарда.
Көп жағдайда шаурма майонез негізіндегі соустармен дайындалады. Ал мұндай өнімдерде гидрогенделген майлар, яғни трансмайлар болады. Бұл заттардың адам ағзасына зияны ғылыми түрде дәлелденген. Олар жүрек-қан тамыр ауруларының, семіздіктің және басқа да дерттердің дамуына ықпал етеді.
Тағы бір мәселе еттің дайындалу тәсілі. Грильде қуырылған тауықтың бетінде қытырлақ қабық пайда болады. Бірақ дәл осы қабықта зиянды қосылыстар түзіледі. Сондықтан дәрігерлер мұндай етті жиі тұтынуға кеңес бермейді.
Шаурманың калориясы да жоғары. Бір порциясында шамамен 500-600 килокалория бар. Бұл орташа адамның күнделікті қажетті энергиясының едәуір бөлігі. Әсіресе ақ ұннан жасалған лаваш пен майлы соустар бұл көрсеткішті одан әрі арттырады.
Қазақстанда соңғы жылдары фаст-фуд мәдениеті кеңінен таралып келеді. Әсіресе жастар арасында шаурма ең қолжетімді әрі жылдам тағамға айналды. Бірақ сарапшылар мұндай өнімдерді күнделікті рационға айналдыру қауіпті екенін ескертеді.
Сонымен қатар мұндай тағамдардың гликемиялық индексі жоғары. Бұл қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне әкеліп, уақыт өте келе диабет пен семіздікке себеп болуы мүмкін. Кейбіреулер «шаурманың шетін жемесек немесе май қоспасақ, зияны азаяды» деп ойлайды. Бірақ бұл мәселені толық шешпейді. Себебі негізгі қауіп жалпы құрам мен дайындалу тәсілінде.
Дәрігерлердің ортақ пікірі шаурма у емес, бірақ оны тұрақты тағам ретінде қарастыруға болмайды. Мұндай фаст-фудты сирек, мысалы айына бір рет немесе одан да сирек тұтынған дұрыс.
Қазіргі таңда Қазақстанда дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру маңызды мәселеге айналып отыр. Сол себепті мамандар табиғи өнімдерге, үй жағдайында дайындалған тағамдарға басымдық беруге кеңес береді. Қорытынды біреу, шаурма уақытша тойымды тағам. Ал денсаулық үшін тұрақты әрі теңгерімді тамақтану қажет.
Білікті аспаз мамандар тамақ дайындамас бұрын жуудың қажеті жоқ бірқатар өнімдерді атады. Сарапшыларының пікірінше, бұл тізімде ең алдымен шикі балық бар. Мамандардың айтуынша, шикі балықты ағын сумен жуғаннан гөрі, оны дұрыс термиялық өңдеуден өткізген дұрыс.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







