Желі қолданушысы Алексей Алексеев әке-шешесі жоқ бойеткен Насияның 24 сағатта қалай баспаналы болғанын жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Настя әлеуметтік желіге «Егер 30 мың адам маған 200 теңгеден жіберсе, өз пәтерім болады» деген арманын жазғанда оның үміті болды ма, болмады ма – белгісіз. Бірақ оны адамдар естіді», – дейді Алексей Алексеев.
Қарапайым ел азаматтары небәрі 24 сағаттың ішінде қыздың арманына қанат бітірді. Бір тәулік. Бір ғана күн. Осы аз ғана уақытта Настяның пәтер сатып алуына қажетті қаражат толығымен жиналды.
Алексеевтің ойынша, бұл оқиға қазақтың адам тағдырына бей-жай қарамайтын, бір-біріне жанашырлық таныта білетін халық екенімізді тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандықтардың қиын жағдайда қалған адамдарға дереу көмек қолын созуға әзір екендігі анық байқалды.
Настя дәл осы сәттен бастап әлемде әлі де мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік пен жанашырлықтың бар екеніне сенді.
Ол өзін ешкімге керексіз сезінуден арылып, жүрегіне үміт пен жылулық толтырды. Қазақстан азаматтарының осындай жүрек тебірентерлік ісі бір қыздың өмірін түбегейлі өзгертті және мыңдаған адамның жүрегіне сенім ұялатты.
Еліміздегі темір жол құрамдарына ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы вагондар енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







