Ресей Қазақстаннан Германияға «Достық» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай транзитін 1 мамырдан бастап тоқтатпақ. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дереккөздер мәлімдеуінше, Ресей тарапынан Қазақстан мен Германияға мұнай экспортының түзетілген жаңа кестесі жіберілген.
«Достық» құбыры арқылы тасымалдың тоқтатылуы Германияны қиын жағдайға қалдыруы мүмкін. Себебі Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс салдарынан Таяу Шығыстан мұнай жеткізу мәселесі күрделеніп отыр. Оның үстіне Германия мен Ресей арасындағы дәстүрлі энергетикалық байланыстар Украинадағы жағдайға байланысты әлдеқашан үзілген болатын.
Reuters агенттігінің дерегінше, 2025 жылы Қазақстаннан Германияға мұнай экспорты тәулігіне 43 мың баррельге жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 44 пайызға артық.
«Достық» құбыры арқылы мұнай жеткізу толық тоқтатылған жағдайда Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытының жылына 12 млн тоннаны құрайтын қуаты 17 пайызға қысқаруы мүмкін.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Украина жағы жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатқан «Достық» құбыры арқылы Еуропаға мұнай транзитін қайта бастауға дайын екенін мәлімдеген еді.
Атырау облысында Қашағанмен шамалас әлеуеті бар ірі карбонат массиві анықталды. Әңгіме Жылыой карбонат платформасы туралы болып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







