Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Рамазан Әбдрасіл мен жаттықтырушысы Әлімжан Базарбекті қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Өңір басшысы спортшыны жеңісімен құттықтап, оның халықаралық аренадағы табысы бүкіл ел үшін мақтаныш екенін атап өтті.
– Рамазанның жетістіктері ұзақ жылғы еңбектің нәтижесі. Осы орайда жаттықтырушы Әлімжан Базарбекұлының да қажырлы еңбегін ерекше атап өткім келеді, – деген облыс әкімі. Өңір басшысы чемпионға Талдықорғандағы жаңа шағын ауданнан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Ал бапкеріне ақшалай сыйлық сертификатын табыс етті.
Кездесуде өңір басшысы Талдықорғанда инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталғанын, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Чемпион Рамазан Әбдрасіл өз кезегінде көрсетілген қолдауға ризашылығын жеткізіп, алдағы уақытта әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдірді.
Айта кетейік, былтыр Токиода өткен XXV Сурдлимпиадада Рамазан Әбдрасіл қола жүлдегер атанса, биылғы Қазақстан Кубогында чемпион атанып, Азия-Тынық мұхиты ойындарына жолдама алды. Жалпы облыста сурдо грек-рим күресімен 21 спортшы айналысып келеді, олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен бірнеше спорт шеберлері бар.
Соңғы жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) цифрландыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







