Шымкенттік автоблогер әрі заңгер Руслан Жанпейісов полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбады деп танылып, төрт тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
OTYRAR порталының мәліметінше, шешімді қалалық әкімшілік сот шығарған. Жаза мерзімі 22 сәуірден бастап есептеледі.
22 сәуірде Бейбарыс Райымбеков, көпшілікке Руслан Жанпейісов ретінде танылған автоблогер, жұмыс орнында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Бастапқыда оған Қызылорда облысының полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, Байдібек би даңғылында рейд жүргізіп жатқан тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтіру және құрметсіздік таныту дерегі бойынша айып тағылған. Алайда бұған дейін сот оның әрекетінен құқық бұзушылық құрамын көрмей, істі тоқтатқан еді.
Кейін басқа эпизодтар бойынша бөлек іс қаралды. Онда Жанпейісовтің Тәуке хан көшесінде рейд жүргізіп жүрген Қарағанды облысы полиция қызметкерлеріне жақындап, олардың әрекетін видеоға түсіргені айтылған.
Сот осы жолы полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау дерегі бойынша оны кінәлі деп танып, төрт тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Атырау полициясының жаңа басшысы болып бұған дейін Ақтауда қызмет еткен Айдар Қасанов тағайындалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







