Павлодарда энергиямен жабдықтаушы ұйым 1 маусымнан бастап электр энергиясы тарифін көтеруді сұрап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Компания тиісті өтінімді Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментіне жолдаған. Қазір осы өтінімге қатысты жария тыңдау өтіп жатыр. Ұйым өкілдері тарифті қайта қарауға бірқатар себеп бар екенін айтады. Соның бірі электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және сатушы тарапындағы бағаның өзгеруі.
Ұсынысқа сәйкес, халық үшін электр энергиясының тарифі қосылған құн салығын есептемегенде 1 киловатт/сағат үшін 21,6 теңгеден 24,3 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Яғни өсім шамамен 15 пайызды құрайды.
Павлодар облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратовтың айтуынша, өтінім «Павлодарская распределительная электросетевая компания» АҚ жоспарына қатысты қаралып жатыр. Департамент тариф жобасына қоғамдық ұйымдарды тартып, тәуелсіз сараптама жүргізуді көздейді.
Оның сөзінше, түпкілікті шешім барлық талдау мен тексеру аяқталған соң қабылданады. Қазір жария тыңдау рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету үшін өткізіліп жатыр.
Өтінімді қарауға бір ай уақыт беріледі. Департамент шешімді 20 мамырдан кейін қабылдамақ.
Тариф мәселесі тұрғындар үшін сезімтал тақырып саналады. Электр энергиясы бағасының өсуі үй шаруашылығы шығынына ғана емес, шағын бизнес пен коммуналдық төлем құрылымына да әсер етуі мүмкін. Сондықтан өтінімді қарау кезінде компания шығыны, баға өсімінің негізділігі және халыққа түсетін салмақ қатар бағалануы тиіс.
Көкшетауда көлік астында қалып қаза тапқан әйелдің 12 жастағы жалғыз ұлы нағашыларының қолында тұратын болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







