Продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желіде көңіл айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өнер иесі марқұмның өмірден өткенін ауыр қабылдағанын жазды. Оның айтуынша, соңғы күндері Сәулемен бірге түскен сәттерін сториске жариялап жүрген. Продюсер қуанышын да, қайғысын да көпшілікпен бөлісетінін айтып, бұл жолғы жазбасы жүрегіне қатты батқанын жеткізді.
Гүлзира Айдарбекова екі түн ұйықтай алмағанын, Сәуленің «Гүлеке» деп күліп кіріп келетіндей, қоңырау шалатындай болып елестейтінін айтты.
Ол Ташкенттегі концертке барар алдында Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшып кеткен. Ұшақ қонған сәтте жақындары мен құрбыларынан көп қоңырау түскенін көріп, суық хабарды естіген.
Продюсер қонақтарын қалдырып, қайта ұшып кеткенін, марқұмды жер қойнына тапсырмай тұрып, соңғы рет көзімен көргісі келгенін жазды. Үйіне барған кезде Сәуленің моп-момақан күйде жатқанын айтып, оның өте сабырлы жан болғанын еске алды.
Сол кеште марқұмның бауырлары мен жақын құрбылары жиналып, бәрі көз жасына ерік берген. Ал ертеңіне Ташкентте концерті болғандықтан, Гүлзира Айдарбекова қайта ұшуға мәжбүр болған. Ол Жұлдыз, Заңғар мен Индираға жаназаға және құранға қатысуды тапсырғанын жеткізді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







