Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Almaty Superski жобасының маңызына тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі таңда туризм тек демалыс саласы ретінде қаралмайды. Ол жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің өсуіне, инвестиция тарту маңызды міндет. Соынмен қатар қызмет көрсету сапасына және елдің халықаралық имиджіне тікелей әсер ететін стратегиялық бағытқа айналды.
2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келген. Ішкі туристер саны 10,5 млн адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 900 мың адамға көп. Министрдің пікірінше, мұндай көрсеткіштер туризмнің экономиканың нақты өсім нүктесіне айналып келе жатқанын дәлелдейді.
Соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризміне қызығушылық айтарлықтай артқан. Тек 2024 жылы еліміздің ұлттық парктеріне 2,8 млн адам барған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 пайызға жоғары.
Аида Балаеваның айтуынша, бұрын тау мен табиғат аясындағы демалысты көбіне арнайы туристер мен тау шаңғысы әуесқойлары таңдаса, қазір мұндай аумақтар көпшілік жиі баратын кеңістікке айналды. Адамдар демалыс күндері жаяу серуендеу, табиғат аясында қысқа уақыт тынығу үшін ұлттық парктер мен тау бағыттарына көбірек бара бастады.
Табиғатты сақтау мен қызмет сапасы қатар жүруі тиіс
Осы жағдайда Almaty Superski жобасы қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды қатар ескеруге тиіс.
Жоба тау туризмін дамытумен қатар табиғи аумақтарға түсетін жүктемені дұрыс басқаруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталуы қажет.
Аида Балаева Almaty Superski тау туризмін жауапты дамытудың үлгісіне айналуы керек екенін атап өтті. Мұндай жобаларда басты өлшем табиғатты сақтау, қауіпсіз қозғалыс бағытын қалыптастыруға мән беруі керек. Соынман қатар инфрақұрылымды дұрыс жоспарлау және жергілікті экономикаға нақты пайда әкелуде маңызды.
Қазақстан үшін тау туризмі үлкен мүмкіндікке ие. Алайда бұл салада әр қадам есеппен жасалуы керек. Жол, демалыс аймағы, көтергіш, сервис, қауіпсіздік жүйесі және экологиялық бақылау бір-бірінен бөлек қаралмайды.
Almaty Superski осы талаптарды біріктіре алса, Алматы агломерациясының туристік әлеуетін күшейтіп, елдегі табиғи туризм мәдениетін жаңа деңгейге көтеретін жобаға айналуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






