Қазақстанда сағат 13:53-те бір күндегі екінші сезілетін жер сілкінісі болды, деп хабарлады ТЖМ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жер сілкінісінің ошағы ел аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулерін Алматы облысының тұрғындары сезді:
- Нарынқол ауылында – 2-3 балл;
- Кеген ауылында – 2 балл.
Мамандардың тексерісі мен қазіргі жағдай
«»Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеріп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын визуалды қарап шықты. Зақымданулар анықталған жоқ. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты», – делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Таңертең тіркелген дүмпулер
28 қыркүйек күні таңертең ерте Қазақстанда сейсмикалық оқиға тіркелді. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары сағат 6:32-де Алматыда дүмпулерді сезгендерін жазды. Алайда ТЖМ бұл уақыттағы дүмпудің сезілгенін растамады.
Сағат 9:38-де Алматы тұрғындары тағы да жер асты дүмпуін сезді. Сейсмикалық құбылыстан бірнеше минут өткен соң смартфондарға Mass Alert ескерту хабарламасы келді. Қала тұрғындарына ашық алаңға шығу ұсынылды. Алматыда жер сілкінісінің сезілу күші 3-4 балды құрады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







