4 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мегаполистердегі ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Түнде және таңертең көктайғақ байқалады. Ауа температурасы түнде -1…-3 градус, күндіз +2…+4 градус шамасында болады.
Алматы қаласында ауа райы көбіне жауын-шашынсыз, жылы болады. Түнде +4…+6 градус, күндіз термометр бағаны +14…+16 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Түнде +5…+7 градус, күндіз ауа температурасы +18…+20 градус жылы болады.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтар
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, сол себепті жолдарда барынша мұқият болу қажет.
Қарағанды және Ұлытау облыстарында ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0…+5 градус аралығында болады. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнде -2…-7 градус суық, күндіз +2…+7 градус шамасында болады.
Батыс және оңтүстік өңірлер
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз сынап бағанасы +7…+12 градусты көрсетеді. Маңғыстау облысында көбіне жауын-шашынсыз, күндіз +12…+17 градусқа дейін жылиды.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында негізінен жауын-шашын болмайды. Тек таулы аудандарда аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы оңтүстік өңірлерде +13…+19 градусқа дейін жетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







