Қылмыспен күресте тәртіп сақшыларының спорттық бабында болғаны дұрыс, әрине. Құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын, «Қауіпсіз қоғам» жобасын жүзеге асыру үшін қызметтік міндеттерін мінсіз атқару жолында жанынан спортты серік етіп жүргендер баршылық. Күні кеше Шымкент қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өткізілді. Бұл физикалық белсенділікті насихаттаудың, денсаулықты сақтау мен кәсіби байланысты нығайтудың жолы. Шымкент қалалық спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген бұл сайыс құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін нағыз спорттық шара болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жарыстың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және ведомствоаралық ынтымақтастықты арттыру. Жарыс барысында спорттың жеті түрі бойынша сайыстар өтті: футбол, волейбол, баскетбол, арқан тарту, теннис, шахмат және тоғызқұмалақ.
Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің командалары жүлделі орындарға ие болды. Футбол, волейбол, баскетбол және арқан тартысында I орынға жеткен олар, команда ретінде жоғары дайындық пен тактикалық шеберліктерін көрсете білді. Әрбір ойыншының үйлесімділігі, командалық жұмыс, және жеке шеберлігі арқасында полиция қызметкерлері зиянсыз, бірақ бәсекеге қабілетті атмосферада өнер көрсетті.
Теннис пен шахмат сайысында II орын, ал тоғызқұмалақтан III орынды иелену де үлкен жетістік. Бұл көрсеткіштер команданың әр мүшесінің тырысуы мен ынтасының нәтижесі болып табылады және спорттық рухты арттырды.
Спорт – денсаулықты нығайтудың, салауатты өмір салтын қалыптастырудың, психологияны дамыту мен стрессті жеңудің ең тиімді әдісі. Спортпен шұғылдану, дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану — бәрі де денсаулықты жақсартуға және тәртіп сақшыларының қызметіне оң әсер етеді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті спорттық жарыстарға қатысу арқылы салауаттылық пен командалық рухты насихаттау, кәсіби шеберлікті арттыру жолында үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінгі жарыстар — болашақтағы жетістіктердің белгісі. Келешекте де мұндай шаралардың өткізілуін жалғастыру арқылы салауатты және жауапты қоғам қалыптастыра аламыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







