Алматы облысында мәслихат депутаттарын сайлау барысында азаматтар цифрлық сервистердің көмегіне жүгініп, өзінің қай учаскеде дауыс беретінін анықтауға мүмкіндік алды. Бұл тұрғындарға қажетті ақпаратпен алдын ала танысып, дауыс беру орнын оңай табуға жәрдемдеседі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
eGov.kz электрондық үкімет порталының «Сайлаушылардың мекенжай ақпаратын тексеру» онлайн-сервисі облыстың 502 сайлау учаскесінде жұмыс істеп тұр. Егер азамат өзін сайлаушылар тізімінен таппаса, аталған жүйе орнатылған кез келген жақын маңдағы учаскеге барып, көмек сұрай алады. Ал комиссия мүшесі ЖСН арқылы тіркелген мекенжайын бірден анықтап береді. Осылайша, тұрғындар сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақтылап, артық уақыт жоғалтпай, дауыс беруге бірден бет алады. Бұл азаматтардың сайлауға белсенді қатысуына ықпал етіп, оларға қолайлы жағдай туғызады.

Айта кетейік, бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







