Ақмола облысындағы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы резиденциясында елордалық балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері ашылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Власть» басылымына сілтеп.
Астаналық активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының мәліметінше, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісінің Ақмола облысы Ақкөл ауданы Малый Барап ауылындағы бұрынғы резиденциясы былтыр шілдеде республикалық меншіктен елорданың білім басқармасының балансына берілген.
«Былтырғы қыркүйекте жазғы балалар лагерін ашу үшін ғимарат Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының балансына берілді», — деп жазылған мәліметте.
Сондай-ақ, былтыр Астанадағы жылжымайтын мүлік кешені қала әкімдігінің «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ балансына берілді.