Астана прокуратурасы Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергеу барысын мәлімдеді. Өйткені тергеу 10 айға созылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Астана прокуратурасы Tengrinews.kz-тің «Сәкен Мамашқа қатысты тергеу аяқталды ма?» деген сұрағына жауап берген.
Прокуратураның мәліметінше, қазір Есіл аудандық полиция басқармасы Карина Мамаштың арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе көрінеу дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты азаптау») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алайда тергеу барысы туралы қосымша ақпарат беруден бас тартылған.
2024 жылы Карина Мамаш «НеМолчи.kz» қоры арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және 10 жыл бойы күйеуінен қысым көргенін мәлімдеді. Ол кезде Сәкен Мамаш Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінде кеңесші қызметін атқарған. Оқиғаға қатысты пікір білдірген ҚР Сыртқы істер министрлігі оны шұғыл түрде елге қайтару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Кейін Карина Мамаш та БАӘ-ден Қазақстанға оралғаны белгілі болды.
2024 жылғы 28 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сәкен Мамаштың денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ісі қаралды. Сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.