Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған қырғызстандық комадан шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ақтау ауруханасында 25 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асанов комадан шықты.
Қырғызстандық ТЖМ дәрігерлер мен жәбірленушінің ағасы жігітпен сөйлесіп жатқаны көрінетін жантебірентер видео жариялады.
Мамандар аман қалған Ринатқа алаңдамауға кеңес беріп, бәрі жақсы болатынына сендірді.
«Комадан шықты. Ағаңды танисың ба? Туған бауыры. Бәрі жақсы болады. Жазыласың, содан кейін тойлайсыңдар. Уайымдама. Шыдамды бол», — деді қазақстандық дәрігерлер.
Қазақстандық мамандардың айтуынша, олар Ринаттың палатасына барлық қажет жабдықты қосқан. Сауыққаннан кейін Қырғызстан азаматы үйіне жіберіледі.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.