Алматы қаласына жақын, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында түнде жер сілкінісі тіркелгенін сейсмологтар айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының хабарлауынша, магнитудасы 3,3 балдық жерасты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 04:26-да тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде тербеліс байқалмаған. Ал Қазақстан аумағындағы жағдай бойынша әзірге ақпарат түскен жоқ.
Ресей Қазақстаннан Германияға «Достық» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай транзитін 1 мамырдан бастап тоқтатпақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







