Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р.Наинбаев және қала тұрғындары Д.Тұяшев, Г.Сәкенова сотталды.
«Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден аса пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада.
Сот шешімі
Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа 4 жыл және Наинбаевқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.