Алматыда жаттықтырушы Данияр Сафин өз өмірін тәуекелге тігіп, суға батып бара жатқан кішкентай қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқиға «Шахристан» тұрғын үй кешенінің маңында болды. Жаттықтырушы Данияр Сафин шәкірттерімен бірге жүгірумен айналысып жүрген кезде, Үлкен Алматы өзенінде ағып бара жатқан баланың қолын байқап қалады.
Қыз өзеннің қатты ағысына төтеп бере алмай, су астына кетуге шақ қалған еді. Жағдайды бірден бағамдаған Данияр ойланбастан суға секіріп, мұздай судан қызды алып шығады. Кейін оны жағалауда тұрған шәкірттеріне табыстаған.
Даниярдың бұл батыл әрекеті көпшіліктің құрметіне бөленіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осындай қайсар әрі батыр адамдарға мың алғыс!
Астанаға ұшып келген ұшақта кәмелетке толмаған балаларға қатысты жағымсыз оқиға тіркелді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







