Апелляциялық сот Шерзаттың әкесіне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттары шағым түсіріп, жеңілдететін факторларды ескеруді сұраған.
«Нұрымов Қ. — кәмелетке толмаған 4 баланың әкесі, отбасының жалғыз асыраушысы, үйде қарт ата-анасы, жұбайы, кәмелетке толмаған балалары қалды«, — деп жазылған адвокаттардың шағымында.
Олар сот шешімінің күшін жоюды талап етті.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Көп ұзамай, яғни 9 желтоқсанда марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев ажал құшты. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша, ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті.
Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, жуырда Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамауға алынды.