Ақсу ферроқорытпа зауытында қайғылы оқиға орын алып, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оқиға 20 сәуір күні металл ұсақтау кезінде болған. Жұмысшы ауыр жарақат алып, көз жұмды.
«Металл ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде жұмысшы өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алды», – деп мәлімдеді «Қазхром» компаниясының өкілдері.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар хабардар етіліп, қайғылы жағдай бойынша тергеу басталды.
Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұл зауытта 2025 жылдың қыркүйек айында тағы бір апат болған еді. Сол кезде үш қызметкер күйік жарақатын алып, біреуі жансақтау бөліміне түскен болатын.
Қазақстанда 2026 жылғы 19 сәуірден бастап валюталық бақылау талаптары күшейтілді. Ұлттық банк валюталық операцияларды мониторингтеу ережелерін жаңартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







