Автор: Ertenmedia

арман кырыкбаев министр информации

Президент Тоқаев Арман Қырықбаевты Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындады. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа 3 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның кандидатурасын тағайындауға дейін Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мақұлдаған. Арман Қырықбаев жаңа қызметте Аида Балаеваның орнына келді. Балаева 31 тамызда Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді. Қырықбаев Үкімет құрамына енгенге дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. Осы лауазымға 2025 жылғы ақпанда тағайындалған. Таныс министрлікке оралды 49 жастағы Арман Қырықбаев үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі бөтен орта емес. Ол 2006–2008 жылдары ведомствоның қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментін басқарған. Кейін Мәдениет комитетінің төрағасы болды.…

Толық оқу
бекболат тілеухан

Қайраткер Бекболат Тілеухан вице-президент қызметіне тағайындалған Ерлан Қаринді құттықтап, жаңа лауазымның салмағына тоқталды. Ол Қариннің Президент сеніміне ие болуын саяси шеберлігімен, ұлттық құндылыққа жақындығымен және адамдық болмысымен байланыстырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тілеухан вице-президент қызметін елдегі екінші тұлғаға берілген аса биік лауазым әрі «ат көтере алмас ауыр жүк» деп сипаттады. Оның сөзінше, халықаралық саясатта мол тәжірибе жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сеніміне ие болу екінің бірінің қолынан келмейді. «Танымы айқын, дәстүрлі ортадан шыққан текті азаматтың елдегі екінші тұлға саналатын аса биік лауазымның атан тартпас ауыр жүгін арқалауы үлкен сенімнің айғағы. Талайды көрген, әлемдік деңгейдегі сарабдал жетекшінің көңілінен шығу екінің бірінің қолынан келмейді», –…

Толық оқу
ерлан қарин

Саясаттанушы Аркадий Дубнов Ерлан Қариннің вице-президент қызметіне тағайындалуын Тоқаев іргесін қалаған саяси жүйенің жалғасы деп бағалады. Пайымынша, дей тұрғанмен, жаңа лауазым Қаринді автоматты түрде президенттің мұрагеріне айналдырмайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дубнов Қазақстандағы вице-президент институтын посткеңестік кеңістіктегі өзге үлгілермен салыстырған екен. Әсіресе Әзербайжанда аталған қызметті президент Ілхам Әлиевтің жұбайы Мехрибан Әлиеваның атқаратынына назар аударған. Сарапшының пікірінше, Қазақстандағы жағдай мүлде бөлек. Елдегі жаңа институт әулеттік биліктің іргесін қалау үшін құрылған жоқ, ал Ерлан Қариннің саяси тұлғасы непотизмге негізделген басқару үлгісіне сәйкес келмейді. «Қазақстанда әулеттік биліктің келешегі байқалмайды. Ерлан Қариннің тұлғасы Орталық Азияның өзге мемлекетіне тән туыстық байланысқа құрылған басқару жүйесіне еш үйлеспейді.…

Толық оқу
ерлан карин вице президент

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев тамыздың соңғы күніндегі кадрлық ауыс-түйісті бұрынғы саяси бағыттың жаңа конституциялық қалыпқа бейімделуі деп бағалады. Оның пайымынша, жаңарған құрылымда Ерлан Қарин саяси үйлестірушіге, Олжас Бектенов атқарушы биліктің тірегіне, ал Аида Балаева қауіпсіздік блогындағы маңызды тұлғаға айналған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әшімбаев Тоқаевтың кадрлық шешімге келгенде болжап болмайтын әсер қалыптастыруға тырысатынын атап өтті. Соған қарамастан тамыздағы тағайындаудың астарынан сабақтастық байқалады. Қариннің тұрақты өрлеуі Саясаттанушы Ерлан Қариннің кейінгі жылдағы мансабын қазіргі саяси жүйеде сирек кездесетін тұрақты өсудің мысалы деп отыр. Ол Президенттің кеңесшісі, көмекшісі, мемлекеттік хатшы, мемлекеттік кеңесші, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен кейін вице-президент атанды. Әшімбаевтың бағалауынша, Қарин биліктің…

Толық оқу
армангүл тоқтамұрат

Құрылтай депутаты Армангүл Тоқтамұраттың журналист сауалына жауап бермей қашқан сәті желідегі күн тәртібінен түспей тұр. Қызуы басылмаған мәселеге Ақпарат министрі Аида Балаева араласып, депутаттарды қудалау мен жеке басына тиісуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дау Құрылтайдың жаңадан сайланған депутатына тұрғын үй мәселесі жөнінде сұрақ қойылғаннан кейін басталған. Журналист Серік Жолдасбай Тоқтамұраттан 2022 жылы пәтер сатып алғаны туралы жазбасы мен кейін Тоқаевтың атынан журналистерге берілген баспананың бірін иеленуіне қатысты түсініктеме сұраған. Алайда депутат сауалға жауап бермей, Құрылтай ғимаратына кіріп кеткен. Осы видео желіге тарап, экс-журналистің әріптесінен жалтаруы сынға ұшырады. Тұрғын үйге қатысты мәселе алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. 2023 жылы журналистерге…

Толық оқу
дана медеуова

Қазақстанның жаңа Құрылтайына өткен депутаттардың арасында көпшілікке есімі аса таныс емес бір адам бар. Ол президент Тоқаевтың жиені Дана Медеуова. Бұған дейін ақпарат кеңістігінен барынша тыс жүрген Медеуованың өмірбаянын ашық дереккөздер арқылы зерттегенде оның саясат, ғылым, дипломатия және бизнес саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бары байқалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталық сайлау комиссиясы Дана Теміртайқызын «Әділет» партиясының атынан Құрылтай депутаты ретінде тіркегенін білеміз. Партияның сайлау алдындағы мәліметінде оның 1978 жылы туғаны және Астанадағы «ДЦР Funny School» ЖШС менеджері екені көрсетілген. Дана Медеуова – Мемлекет басшысының қарындасы Қарлыға Ізбастина мен дипломат Теміртай Ізбастиннің қызы. Отбасындағы төрт баланың үлкені. Әкесі ұзақ жыл дипқызметте болып,…

Толық оқу
қауіпсіздік кеңесі

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Президент Әкімшілігі құрамынан шығарылуын аталған органның мәртебесін едәуір күшейтетін өзгеріс деп бағалады. Пайымынша, аппарат енді Ақордаға немесе Президент іс басқармасына ұқсас, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын дербес құрылымға айналуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев бұған дейін Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары деген жаңа қызмет енгізілетінін мәлімдеген еді. Келесі күні Қауіпсіздік кеңесі аппараты Президент Әкімшілігінің құрылымынан шығарылып, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін органға айналатыны жөнінде ақпарат тарады. Әшімбаевтың сөзінше, мұндай бөлініс 2019 жылы-ақ қарастырылған. Алайда іс жүзінде толық жүзеге аспаған. 2022 жылғы ақпанда Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы заң жүзінде Президентке өткеннен кейін бұрынғы басқару тәртібі қайта…

Толық оқу
құрылтай төрағасы орынбасарлар

Нұрлан Бекназаров, Динара Зәкиева және Дания Еспаева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды. Үшеуінің де заң шығару саласында тәжірибесі бар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрлан Бекназаров пен Динара Зәкиева Құрылтайға «Әділет» партиясының атынан сайланған. Ал Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі саналады. Нұрлан Бекназаров Бекназаров бұған дейін Сенат депутаты болған. Жоғарғы палатада Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарған. Оның бұрынғы қызмет бағыты конституциялық реформалар, сот жүйесі мен құқық қорғау саласына қатысты заң жобаларын қамтыды. Динара Зәкиева Динара Зәкиева бұрын Мәжіліс депутаты болып, әлеуметтік мәселелер мен бала құқығын қорғау бағытында жұмыс істеген. Кейін Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне…

Толық оқу
ерлан қарин құрылтай

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтайдың алғашқы сессиясын Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртатын тарихи белес деп бағалады. Оның айтуынша, бір палаталы парламент құру жөніндегі идея небәрі 355 күн ішінде қоғамдық талқылаудан, конституциялық реформадан және бүкілхалықтық сайлаудан өтіп, нақты саяси институтқа айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші сайланған Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты. Қариннің пайымынша, «алғашқы сессия» және «бірінші сайланған Құрылтай» деген атаулардың өзі оқиғаның айрықша тарихи салмағын аңғартады. Мемлекет басшысы бір палаталы парламентке көшу бастамасын осыдан бір жыл бұрын көтерген еді. Содан бергі 355 күн ішінде ұсыныс жұмыс тобы мен Конституциялық комиссия аясында кеңінен талқыланды. Кейін…

Толық оқу
айбек дәдебай

Айбек Дәдебай Қазақстанның тұңғыш Құрылтайының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын отырысқа қатысқан 145 депутат түгел қолдаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құрылтай төрағасы қызметіне Дәдебайдың кандидатурасын президент Тоқаев ұсынған еді. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару жүйесінде жинаған тәжірибесі мен кәсіби білігіне тоқталды. «Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол ұзақ уақыт мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарды, мол тәжірибесі бар. Білімді, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін іс жүзінде дәлелдеді», – деді Президент. Депутаттардың жабық дауыс беру қорытындысы бойынша Дәдебайға 145 дауыс берілді. Осылайша, оның кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Айбек Дәдебай сайлау науқанында «Әділет» партиясының төрағасы ретінде саяси күшті бастап шыққан. Сайлау қорытындысы бойынша партия…

Толық оқу