Журналист, жазушы Бигелді Ғабдуллин қазақ қоғамын өткеннің қасіретіне байланып қалмай, тарихи жадты болашаққа бастайтын қуатқа айналдыруға шақырды. Оның пайымынша, Қазақстанға енді азапты дәріптейтін сарыннан гөрі жасампаздықты, сенім мен ұлттық өз қадірін алға шығаратын жаңа қоғамдық мінез қажет, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғабдуллин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі күндері айтқан екі пікіріне назар аударған. Біріншісі ер адамдардың кездескенде құшақтасып, сүйісу әдетіне және мұндай әрекеттің әскери формадағы азаматтарға жараспайтынына қатысты болса, екіншісі қазақ қоғамы мен шығармашылық ортадағы бітпейтін мұң сарыны жөнінде еді. Журналистің пікірінше, бір-бірінен алшақ көрінетін осы екі мәселені қазіргі қазақстандықтың болмысын қалыптастыру идеясы біріктіреді. Әдеп музейде емес, күнделікті өмірде көрінуі керек Ғабдуллин…
Автор: Ertenmedia
Қазақстан экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны 9,4 миллион адамға жетті. Бір жыл ішінде жылжымайтын мүлік, білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететіндер қатары едәуір өскен, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 2026 жылдың екінші тоқсанында жүргізілген іріктемелі сауалнамаға сәйкес, елдегі 7,3 миллион адам жалдамалы қызметкер ретінде еңбек етеді. Тағы 2,1 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады. Әр алтыншы қазақстандық сауда саласында еңбек етеді Еңбек нарығындағы ең үлкен үлес сауда саласына тиесілі. Елде жұмыс істейтін азаматтардың 16,8 пайызы осы бағытта нәпақа тауып жүр. Жұмыспен қамтылғандардың салалар бойынша үлесі: сауда – 16,8 пайыз; білім беру – 13,3 пайыз; өнеркәсіп…
Қазақстанда «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасы аясында бір миллион гектардан астам аумаққа орман өсіру жоспарланып отыр. Жобаның алғашқы кезеңінде 100 мың гектарға жасанды орман егіліп, тозған жерлер мен экожүйелер қалпына келтірілмек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен First Carbon Group Ltd. жеке компаниясы орман-климаттық жобалар және көміртек бірліктері саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат орман алқаптарын ұлғайтуға, бүлінген жерлерді қалпына келтіруге және атмосферадағы парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларға негіз қалайды. Алғашқы кезеңде шамамен 100 мың гектарға жасанды орман отырғызу көзделген. Кейін жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігі қарастырылады. Орман көміртек нарығына жол ашады Жаңа екпелер табиғатты…
Вице-президент? 10 күннің ішінде Тоқаевтың таңдауы түскен кандидаттың есімі белгілі болады. Мұндай орынға жүйенің ішкі тамыр соғысын жатқа білетін, жауапкершілік арқалай алатын, ең бастысы кландық ықпалдан азат фигура қажет. Ertenmedia.kz осы тұста мемаппаратта шыңдалған, өзіндік басқару стилі мен стратегиялық беделі бар 6 тұлғаның кандидатурасы сұрыптан өткізіп көрді. Балаева Аида Балаеваның феномені оның түрлі кландық топтардан тысқары тұруында. Мемқызметтегі жолын ең төменгі сатыдан бастап, Астана мен Алматының ішкі саясатын, АП бөлімдерін басқарып, кейін министрлік мен Үкіметте ұшталған саясаткердің бойында жүйенің «институционалды жады» толық сақталған. Балаеваның елдегі 2-ші тұлғаның позициясына тағайындалуы элита аралық хаос туғызбайды. Егер әлгі орынға қайсыбір қаржылы-өнеркәсіптік топтың, мұнай…
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ұлттық гобелен мектебінің негізін қалаушылардың бірі Батима Зәурбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» көрмесі өтеді. Келушілер назарына суретшінің музей қорындағы және отбасылық мұрағатындағы 80-нен астам туындысы ұсынылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйектен 8 қарашаға дейін жалғасады. Экспозицияға Батима Зәурбекованың гобелендерімен қатар кескіндеме және графика жанрында салған еңбектері енген. Гобелен – бейне арнайы станокта түрлі түсті жіптерді тоқу арқылы жасалатын көркем туынды. Қазақстанда өнердің осы түрі XX ғасырдың екінші жартысында кең қанат жайды. Сол кезеңдегі суретшілер дәстүрлі кілем тоқу мен киіз басу мәдениетін жаңа қырынан танытып, ұлттық ою-өрнекті заманауи бейнелеу тәсілдерімен ұштастырды.…
Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуыл Қазақстанның мұнай өндірісіне ауыр соққы болып тиді. Энергетика министрлігі 2026 жылға арналған жоспарды төмендетіп, елдің шамамен 3,5 миллион тонна мұнайдан қағылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 25 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның биылғы мұнай өндіру жоспары қайта қаралғанын айтты. Бастапқыда ел былтырғы көрсеткішті сақтап, өндіріс көлемін 100 миллион тоннаға жақындатуды көздеген. 2025 жылы шамамен 99,55 миллион тонна мұнай өндірілген еді. Кейін 2026 жылға арналған ресми жоспар 98 миллион тонна болып белгіленді. Алайда КТК инфрақұрылымына қаңтарда, одан кейін маусым және шілде айларында жасалған шабуыл мұнай жөнелту мүмкіндігін шектеп, кен орындарындағы өндіріске…
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген деп жазады Ertenmedia.kz. Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген. «Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі ахуалды объективті түрде тіркей алды. Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов. Байқаушылар күн бойы…
Алғашқы шақырылымдағы Құрылтай жаңа Конституцияның қағидаларын заң жүзінде орнықтырып, мемлекеттік шешім қабылдау тәсілін өзгертуге тиіс. Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов 23 тамызда өткен сайлаудан кейін жаңа өкілді органға жүктелетін тарихи жауапкершілік туралы айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қошанов Құрылтай депутаттарын алғаш рет халықтың тікелей сайлауын Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа кезең деп бағалады. Оның айтуынша, бір айға созылған науқанда партиялар өзара бәсекеге түсіп, бағдарламаларын қоғам талқысына ұсынды. Сайлаушылар саяси ұйымдарды ұранына қарап емес, олардың ұсынысы мен елдегі нақты мәселелерге жауап беру қабілетіне қарай бағалай бастаған. «Азаматтар партияларды ұрандарының дабырасына қарап емес, бағдарламасының мазмұнына, ұсыныстарының нақтылығына және қоғамның шынайы сұранысына жауап беру қабілетіне қарай…
Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық бақылау жүргізген Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің миссиясы сайлау барысының ұйымдастырылу деңгейіне мен ашықтығына жоғары баға берді. Бұл туралы байқаушылар Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығында өткен брифингте мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.kz. ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхунның айтуынша, елімізідң халықаралық байқаушыларды шақыруы Қазақстанның Құрылтай сайлауын барынша ашық әрі ашықтық қағидаттарын сақтай отырып өткізуге деген ұмтылысын көрсетеді. Миссия мүшелері сайлау учаскелеріне ашылғанға дейін барып, бюллетеньдерді дайындау барысын және дауыс беруге қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілу деңгейін бақылаған. ШЫҰ елдірінің миссиясы тарапынан бақылау Астана қаласы мен Ақмола облысында жүргізілді. Сайлау қарсаңында және дауыс беру күні миссия өкілдері 102 сайлау учаскесіне…
«Халық үні» қоғамдық қозғалысының байқаушылары Құрылтай сайлауы күні Қазақстанның 11 қаласындағы мыңнан астам учаскеде дауыс беру барысын бақылаған. Қозғалыс өкілдері негізгі рәсімдер заң талаптарына сай өтіп, сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Байқау жұмысы Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Семей, Тараз, Қонаев және Талдықорған қалаларын қамтыды. Негізгі штаб Алматыда орналасып, өңірлердегі байқаушылар желісінің жұмысы сол жерден үйлестірілген. «Халық үні» өкілдерінің айтуынша, мұндай ауқым елдің әр бөлігіндегі сайлау барысын салыстырып, дауыс беру процесіне жан-жақты баға беруге мүмкіндік берген. Миссияға дайындық сайлау күнінен бұрын басталған. Аталған 11 қалада мыңнан астам азамат электоралдық бақылаудың әдістері мен заңдық талаптары бойынша…










