Автор: Асылхан Бөрібай

цифрлық қызметтер

Соңғы жылдары мемлекеттік цифрлық қызметтер барған сайын қолжетімді бола түсті, ал 2025 жылы азаматтар олардың әсерін өте жоғары бағалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Инфрақұрылымдағы оң өзгерістер тұрғындардың назарында. Маңызды көрсеткіштердің тағы бірі инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты қоғамның көзқарасы. Қазақстандықтар дәстүрлі түрде жылу, су және коммуналдық қызметтер мәселелеріне сезімтал келеді, ал зерттеу деректері бұл бағытта оң өзгерістер бар екенін көрсетеді. Бұл нәтиже кең аудиторияның көзіне көріне бермейтін инфрақұрылымдық жұмыстардың күнделікті өмірде де айқын байқала бастағанын көрсетеді. Әлеуметтік әділеттілік: қайтарылған активтер халық игілігіне қызмет етуде. Адамдар өз маңайында салынған мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды көрген кезде, әділеттілік саясатының әлеуметтік әсері айқынырақ байқалады.…

Толық оқу

Елімізде ерекше дарынымен, зияткерлік қабілеттерімен ерекшеленіп, топ жарып жүрген талантты балалар өте көп. Олар білім мен ізденіс жолында үлкен жетістіктерге жетіп, жаңашылдықтарымен таңғалдырудан жалыққан емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Дарынды балалар Алматыдағы №79 гимназия оқушысы Дана Қадырбек Су ресурстары және ирригация министрлігімен меморандум жасады. Дарынды зерттеуші атмосфералық ылғалды жинайтын инновациялық құрылғы ойлап тауып, оны пилоттық режимде сынақтан өткізу туралы келісімге қол қойды. Жоба заманауи наноматериалдарға және энергия тәуелсіз технологияларға негізделген, бұл оны су тапшылығы бар өңірлер үшін маңызды шешімге айналдырады. Дананың өнертабысы халықаралық сайыстарда жоғары бағалануда. Ал Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов Республикалық ауылдық олимпиадада информатика пәні бойынша 1-орын иеленді. Айта…

Толық оқу
ШКО-да орталық ашылды (2)

Өскемен қаласында әлеуметтік диалог орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, қала, аудан әкімдері, тиісті басқармалар мен департаменттер басшылары және кәсіпорын өкілдері қатысты. Ел бойынша алғаш рет ашылған бұл орталық жұмысшылар мен жұмыс берушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының арасындағы келісім алаңына айналмақ. – Шығыс Қазақстан аумағында 15 мыңға жуық кәсіпорын бар. Онда 191 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сондықтан біз әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмысшыларға жайлы жағдай жасалуына ерекше мән береміз. Осы орталықта түрлі тақырыптар талқыланып,…

Толық оқу
Ақтауда мектеп ашылды

Бүгін Ақтау қаласының 16-шағынауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №35 жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа форматтағы білім беру ұйымы 1 500 оқушыға есептелген. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асатын мектепте 77 пән кабинеті қарастырылған. Олардың ішінде дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, визуалды өнер, үй мәдениеті, робототехника, STEM және музыка бағытындағы арнайы сыныптар бар. Білім ордасы заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтылып, оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік дамуына қолайлы орта қалыптастырылған. Ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. –…

Толық оқу
Түркістбан облысы Төлеби ауданы

Түркістбан облысы Төлеби ауданына қарасты Тағайна ауылында алғашқы медкөмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ашылу салтанатына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. Іс-шара барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында денсаулық сақтау саласын дамыту, әсіресе ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті жақындату бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жаңа медициналық пункттің негізгі мақсаты ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті уақытылы әрі сапалы көрсету. ФАП тәулігіне 12 адамды қабылдайды. Сонымен қатар нысанның іске қосылуы нәтижесінде 3 жаңа жұмыс орны құрылды. Ғимарат заман талабына…

Толық оқу
Қайтарылған актив

Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен келестегі 2 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгін Келес ауданындағы Кеңдала мен Көгерту елді мекендерінде су нысандары ел игілігіне берілді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Кеңдала және Көгерту елді мекендерінде салынған ауыз су нысандарының ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды құттықтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған активтер қаражаты халық игілігіне бағытталып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жергілікті…

Толық оқу
Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары

Президент Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында құны миллиардтаған долларлық келісімдерге қол қойылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқаев Токиода Жапония императоры Нарухитомен кездесті. Мемлекет басшысының сапары барысында екі ел арасында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын 40-тан астам келісім жасалады. Келіссөздердің негізгі бағыты энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі және көлік-логистика салалары. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары қатысса, Жапония жағынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты алып корпорациялар қатысады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның ірі бизнес өкілдерімен жеке кездесулер өткізіп, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі…

Толық оқу

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірқатар жүргізуші көліктерін Мемлекеттік тумен безендіріп, жолға шығып, өздерінің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімдерін көрсетті. – Құқықтық тұрғыдан мемлекеттік туды көлікке орналастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтау міндетті. Бірақ кейбір азаматтар мерекелік шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға кедергі жасап, көшелерді жауып тастады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері заңға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Мысалы, 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару…

Толық оқу

Air Astana әуе компаниясының Алматы – Бангкок бағыты бойынша ұшқан ұшағы техникалық себеппен Делиге шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 18 желтоқсан күні таңғы сағат 01:00-де Алматыдан ұшып шыққан KC931 рейсі жоспардан тыс Үндістан астанасының әуежайына қонған. Әуе компаниясының хабарлауынша, бортта 138 жолаушы болған. Ұшақ Дели әуежайына жергілікті уақыт бойынша 05:51-де аман-есен қонған. Жолаушыларға тамақ пен уақытша виза рәсімделді. Қазір оларды қонақүйге орналастыру мәселесі шешілуде. Компания қосымша ұшақ әзірлеп, рейсті жалғастыруға дайындық жүргізіп жатыр. Айта кетерлігі, бұл Air Astana компаниясында соңғы күндерде тіркелген бірінші оқыс оқиға емес. Бір күн бұрын Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі салондағы…

Толық оқу
Қазақстан түрмесінде адам өлімі жиілеп

Қазақстан түрмесінде адам өлімі жиілеп, сотталушылардың құқы бұзылуда. Депутат Құспан Бас прокурорға осындай мазмұндағы сауал жолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Абзал Құспан Шымкент, Тараз, Алматы және Өскемен қаласындағы нақты деректерді мысалға келтірген екен. Мәселен, биыл 19 тамызда Шымкенттің тергеу изоляторында ХҚКО-ның экс-басшысы ауыр дерттен көз жұмған. Сол айдың басында Тараздағы изоляторда 73 жастағы азамат апелляциялық шешімді күтіп жатып қайтыс болса, Алматыда бұрынғы судья, Өскеменде Түркиядан экстрадицияланған бұрынғы полиция қызметкері қаза тапқан. Барлық жағдайда қорғаушылар медициналық анықтамаларды ұсынып, қамау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрағанымен, сот бас тартқан. Прокуратура мәселеге араласпаған. Құспан ұсынған статистика да жағымсыз динамиканы көрсетеді: соңғы төрт жылда еліміздегі тергеу…

Толық оқу