Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы және өзекті мәселелері талқыланды. Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме мүгедектігі бар азаматтарға түрлі қызметтер көрсетуде. Қазіргі таңда республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 102 401-і Түркістан облысында есепте тұр. Бұл көрсеткіш облыс халқының 4,6%-ын, ал республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14% құрайды. Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда тәркіленген қымбат сағаттар мен зергерлік бұйымдар онлайн-аукционға шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) ұйымдастырған электронды сауда 30 желтоқсанда Sauda.e-qazyna порталында өтеді. Жалпы саны 39 лот қойылған аукционның бастапқы бағасы 631,8 млн теңге. Саудаға шығарылған заттардың қатарында эксклюзивті кәдесыйлар, құнды монеталар мен сирек кездесетін сағат үлгілері бар. Құнды бұйымдардың барлығы бір кездері дүрілдеп тұрған ескі Қазақстанның олигархтары мен жоғары лауазымды тұлғалардан тәркіленген. Ең арзаны ұлттық нақышта күміспен көмкерілген былғары белдік. Оның бастапқы құны 262,5 мың теңге. Опасыздық жасағаны үшін ұзақ жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген. Аукционның ең қымбат лоты шектеулі сериямен шыққан Ulysse…
Депутат Олжас Құспеков премьер Бектеновтің атына сауал жолдап, ҚТЖ-дағы былық-шылықты жіпке тізіп шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. 10 желтоқсанда «Мойынты – Шығанақ» учаскесінде жүк пойызы жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан жол бригадасын қағып кетті. Төтенше тежеу қолданылғанымен, төрт теміржолшы қаза тапқанын көпшілік жақсы біледі. Бұл оқиға қауіпсіздік техникасы, жұмыс ұйымдастыру және бақылау тетіктері қағаз жүзінде ғана қалғанын көрсетті. Дәл осы оқиғаның ізін ала Алматы-2 вокзалында тағы бір ауыр жағдай тіркелген. Жеке тасымалдаушыға тиесілі вагонда түсірілім кезінде 50-ден астам адам көмірқышқыл газынан уланыпты. Уланғандардың арасында балалар да бар. Дәл осыған байланысты көптеген сұрақтарға ҚТЖ әлі жауап бермеген. Депутаттың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық…
Бүгін Ақтау қаласында «Жас тұлпар – 2025» облыстық жастар премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов қатысып, жеңімпаздарды өңір басшысының атынан құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық премия аясында білім мен ғылым, медицина, кәсіпкерлік, спорт, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық қызмет салаларында жетістікке жеткен жастар 12 номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік жас ғалым», «Үздік жас мұғалім», «Үздік жас дәрігер», «Жас көшбасшы», «Бейбіт күннің батыры», «Жыл жаңалығы» сынды номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Іс-шараға өңірдің белсенді жастары, волонтерлер, спортшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан-қала жастары қатысып, жалпы саны 300-ге жуық адамды қамтыды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ербол…
Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістанның жаңа өндірістік әлеуеті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорынның капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді. – Облысымыз үшін әрбір инвестициялық жобаның стратегиялық маңызы зор. Өйткені жаңа зауыт дегеніміз – жаңа жұмыс орындары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап, нақты міндеттер жүктеді. Осы ретте, біз экономиканы әртараптандыру жұмысын қарқынды түрде бастап кеттік. Инвесторлармен келісіп, импорт алмастыратын тауарларды шығаруға басымдық берудеміз. Сол жобалардың бірі – бүгін іргетасы қаланған «PULPSTYLE»…
Астанаға қыс түссе қала тіршілігі мүлде басқа ырғаққа көшеді. Көшеде жүрген жұрт аязға тоңып, қалың қардың арасында жүрудің өзі бір сынаққа айналған сәтте, коммуналдық қызметтің жұмысы тіпті күрделене түседі. Қала сыртында тұрған қар полигондарына түн ортасы ауа тартылған жүк көліктерінің үзіліссіз ағымын көргенде, осы еңбектің салмағын бағалайсың. Қыс басталғалы бері елорданың коммуналдық бригадалары бір күнге де тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Таңғы төртте оянған жұмысшының бірі былай дейді: – Қар жауса болды, уақытқа қарамаймыз. Түнгі кезекте жүрсек те, таң ата қайта жолға шығамыз. Қаланы таза ұстамасақ, тұрғындар үшін қиын, – дейді қарапайым еңбек адамы. Өткен түннің өзінде қала көшелерінен 33 рейспен…
Әрбір баланың сапалы білім алуға толық құқығы бар. Бұл құқық Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты бекітілген және әр баланың қоғам үшін маңызы зор екенін, оның қабілетін ашуға және әлеуетін дамытуға мүмкіндік берілуі тиіс екенін айқындайды.
Түркістан облысында медицина саласын дамыту, ғылым мен технологияның заманауи жетістіктерін қолдана отырып, халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапалы медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру маңызды Соның аясында бүгін Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Елімізде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтіп, жұмыстар жалғасатынын жеткізді. – Алдымен баршаңызды кеше өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бірінші кезекте билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы…
Халықаралық энергетика агенттігінің (МЭА) мәліметінше, әлем елдерінің «көмірден бас тартамыз» деген қарқыны бәсеңсіген, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдағы уақытта көмірді жаһандық тұтыну 2026 жылы тағы 0,5 пайызға өсіп, 8,85 млрд тоннаға жетуі мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда, рекорд жаңарады. Климатқа салмағы ауыр отын екенін бәрі біледі, бірақ нарық пен саясат кейде логикаға бағынбайды. Өсімнің негізгі драйвері ретінде АҚШ аталады. Ол жақта көмір электр станцияларын жабуды тежейтін саяси шешімдер қабылданып, «жабамыз» деген жоспарлар кейінге қалдырылған. Энергетикадағы қауіпсіздік, желі тұрақтылығы, бағалардың құбылуы сияқты себептер көмірге «уақытша тірек» рөлін қайта бергендей. Осындай қадамдар әлемдік статистиканы да өзіне қарай бұрып отыр. Еуроодақта да төмендеу бар, бірақ…
Түркістан облысы аумағында қысқы маусымда қызмет көрсететін мекемелерде жалпы 139 бірлік техника, 4 200 тонна тұз, 15 190 тонна құм, 225 дана «Тайғақ жол» ескертуші тақтайшалары дайындалған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бектеттер 70 тонна көмірмен қамтамасыз етілген Қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 14 жылыту пункттері бар. Бұл туралы баспасөз жиынында Түркістан облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Дәурен Жүсіпов мәлімдеді. Облыс аумағында қар қалың жауатын жол аумақтарының жалпы ұзындығы 404,4 шақырымды құрайды. Осы орайда Бәйдібек және Созақ аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеті орналасқан. Аталған жылыту бекеттері қазіргі таңда 70…










