Автор: Асылхан Бөрібай

Ұлттық банк төрағасы

Қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 12,4%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің 17 желтоқсанда өткен жиынында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осындай деректі алға тартты. Инфляция қарқынының негізгі драйвері азық-түлік бағасының өсуі. Бұл бағытта баға бір жылда 13,4%-ға көтерілген. Бұған жаһандық нарықтағы жекелеген тауарлардың қымбаттауы мен ел ішіндегі өндірістік шығындардың артуы себеп. Қарашада азық-түліктік емес тауарлардың бағасы 11,2%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға өсті. Қазан-қараша айларында тарифтердің әкімшілік жолмен төмендетілуі инфляцияның қарқынын аздап тежегенімен, бұл фактордың әсері шектеулі. «Коммуналдық тарифтердің қайта көтерілуі мен жанармай нарығындағы бағаның ырықтандырылуы инфляциялық қысымды қайта күшейтті. Сонымен қатар ішкі тұтынудың белсенділігі, бюджеттік ынталандыру шаралары мен…

Толық оқу
Мұнай өңдеу алаңы

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды баяндап, негізгі көрсеткіштерді нақтылап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Есепті кезеңде облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 521,4 млрд теңгеге жеткен. Құрылыс жүрсе, жұмыс жүреді, сұраныс артады, өңірдің тынысы ашылады деген сөз. Әкімдіктің мәліметінше, мұнай-химия саласында жалпы құны 6,8 трлн теңге болатын 11 зәкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар толық іске қосылғанда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Мұнайлы өңір үшін тек шикізатқа қарап отыру жеткіліксіз. Мұнайды терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығару – экономикадағы ең тиімді жолдың бірі. Сондықтан мұнай-химияға салынған әр теңге ертең…

Толық оқу
мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережелерді 2025 жылдың 8 желтоқсанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы арнайы бұйрығымен бекітті. Аталған нормалар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді іріктеудің жаңа тәртібі бойынша, корпус «Б» санатына ішкі конкурстардың өткізілу тәртібі, сондай-ақ тестілеуден өту ережелері мен бағдарламалары бекітілді. Дегенмен, бұл ережелер уақытша сипатқа ие болып, 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданыста болады. Осы күннен бастап конкурс пен тестілеудің жалпы талаптары күшіне енеді. Ішкі конкурстар вакантты немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды толтыру үшін тиісті мемлекеттік орган тарапынан ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысатын үміткерлердің Қазақстан…

Толық оқу
ekopanel-shygharatyn-boldy

СҚО-ның Тайынша қаласында жемшөпке жарамсыз сабаннан экологиялық құрылыс панельдерін өндіретін еліміздегі алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа технология экологиялық құрылыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстандағы ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға және импортты алмастыру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Өндірістің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы мен Тайынша ауданының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, жоба инвесторлары, сондай-ақ білім және ғылым саласының мамандары қатысты. Тайыншада іске қосылған өндіріс – жемшөпке жарамсыз сабаннан экопанельдер мен престелген құрылыс плиталарын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік желі. Бұл –…

Толық оқу
astana-qosymsha-stansa-ashyldy

Астанада «Арай» атты жаңа төмендеткіш қосалқы станция пайдалануға берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ашылу рәсіміне қала әкімдігі, қоғам өкілдері және БАҚ қатысты. Мұндай нысан қағаздағы есеп үшін салынбайды. Қала өсіп жатыр, жаңа үйлер көбейді, мектеп пен балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар да қатар ашылып келеді. Сол өсімнің артында бір ғана талап тұрады: жарық тұрақты болуы керек, қуат жетуі керек. Жаңа қосалқы станция заманауи техникалық шешімдер негізінде салынғаны айтылды. Жоба аясында жалпы қуаты 80 МВА болатын 110/20 кВ екі күштік трансформатор орнатылған. Сонымен бірге ұзындығы 11 шақырымнан асатын 110 кВ жоғары кернеулі кабель желілері тартылды. Бұл тұрғынның күнделікті өміріне тікелей әсер ететін…

Толық оқу
zhol-zhabyldy

Бүгін Қазақстанның 14 облысында жолға шығатындар сақ болғаны дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. «ҚазАвтоЖолдың» ескертуінше, бүгін бірқатар өңірде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, кей жерде жол тайғақ болып, көріну нашарлауы мүмкін. Әсіресе таңертеңгі және кешкі уақыттағы қозғалыс қиындап кетуі ықтимал, өйткені ауа райы бір қалыпта тұрмайды, бір жерде қар, бір жерде жаңбыр, бір жерде ұйытқыған жел қосылып кетеді. Ескерту Ақмола, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарына қатысты болып тұр. Аура-райы қолайсыз кезде жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау маңызды. Жолға шықпас бұрын көліктің жарығын, әйнек сүрткішін, тежегішін, қысқы дөңгелектің жағдайын…

Толық оқу
air-astana-ushaghy

Бүгін таңғы 07:38-де Астана уақытымен Алматыдан Астанаға ұшып шыққан КС-851 тұрақты жолаушылар рейсінде күтпеген жағдай тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Air Astana әуекомпаниясы пайдаланып отырған Airbus A321neo (борт нөмірі EI-KDG) ұшағында салон ішінде түтін байқалған. Экипаж қауіпсіздік үшін дереу MAYDAY дабылын жариялап, қонуға шешім қабылдаған. «Салонда түтін байқалды, сабыр сақтаңыздар», – деген мазмұнда ескерту айтылғаны көрсетіледі. Алдын ала мәлімет бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккен адам жоқ. Ұшақ 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Қону сәтінде әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі толық іске қосылды. Мұндайда тәртіп бір, алдымен адамдардың қауіпсіздігі, кейін техниканың жай-күйі. Жердегі мамандар бортты тексеріп, түтіннің қайдан…

Толық оқу
tramp-blokada-zhariyalady Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға кіріп-шығатын санкцияға іліккен мұнай танкерлеріне қатысты «толық блокада» жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Осылайша Трамп Николас Мадуро билігіне қысымды күшейтіп, елдің негізгі табыс көзі саналатын мұнай экспортын шектемек. Трамптың сөзі Truth Social платформасында жарияланып, Венесуэла билігі мәлімдемені «дөрекі қауіп» деп бағалап, қабылдамайтынын айтты. Дегенмен ең үлкен сұрақ ашық қалуда. «Блокада» нақты қалай орындалады. Reuters дерегінше, әкімшілік санкцияланған кемелерді тоқтату үшін жағалау күзетін пайдалана ма, әлде өзге тәсіл таба ма, әзірге нақты жүйелі әрекет жоқ. Бұған дейін АҚШ Венесуэла жағалауында санкцияланған танкерді ұстап, алып кеткені айтылған, сол оқиғадан кейін жүк тиелген кемелер тәуекелге бармай, Венесуэла маңында кідіріп…

Толық оқу
germaniya-men-wkraina

Берлинде Украина мен Германия қорғаныс саласындағы әріптестік кезеңге қадам басты, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс ақпарат көздері мұны «ірі әскери одаққа ұқсас жүйе» деп сипаттауда. Себебі байланыс тек қару жеткізумен шектелмейді. Екі тарап қаруды бірге әзірлеу, өндірісін жолға қою, жаңа үлгілерді тез енгізу сияқты нақты бағыттарды алға шығарып отыр. Германия Украинаға Еуропада ең көп қолдау көрсеткен елдердің бірі ретінде қорғаныс өнеркәсібін күшейтуге де мүдделі. Рейтер агенттігі жазғандай, Берлин Украинаға қолдауды күшейтетін 10 тармақтан тұратын жоспар ұсынған. Онда бірлескен кәсіпорындар құру, қорғаныс зерттеулерін бірге жүргізу, нарықтарды жақындату, сатып алуды үйлестіру сияқты тармақтар бар. Тағы бір маңызды мәселе Берлинде украин қорғаныс саласымен байланысатын…

Толық оқу
алаяқтық схемалардың тізімі

Ішкі істер министрлігі ел азаматтарын жиі алдап соғатын алаяқтық схемалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазіргі кезде алаяқтар негізінен әлеуметтік инженерия әдістерін, телефон нөмірлерін ауыстыру мен жалған сайттарды кеңінен пайдаланады. Министрліктің мәліметінше, қазақстандықтарды жиі алдайтын алаяқтық схемалар төмендегідей: Телефон және интернет арқылы алдау Алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдары немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды «күдікті операциялар жасалды» деген сылтаумен жеке деректерін алуға көндіреді. Нәтижесінде жәбірленушілер банк карталарының мәліметтерін немесе СМС-кодтарды беріп, тіпті ақшаны өз қолымен аударып жіберіп жатады. Фишинг хабарламалар Тұрғындарға жеткізу қызметтері, коммуналдық мекемелер, басқарушы компаниялар немесе банктер атынан жалған SMS және электронды хабарламалар жіберіледі. Ондағы сілтемеге…

Толық оқу