1 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық балабақша, мектеп пен колледждерінде «Жеке қауіпсіздік» атты пән енгізіледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, жаңа сабақ балаларға төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді үйретіп, оларды қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға баулиды. Бағдарлама жас ерекшелігіне қарай жіктелген. Балабақша тәрбиеленушілері төтенше қызмет нөмірлерін жаттап, ойын алаңдары мен сауық орталықтарындағы қауіпсіздік ережелерін үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларына бейтаныс адамдармен кездесу, су мен мұздағы қауіпсіздік және қаңғыбас иттерден қорғану тәсілдері түсіндіріледі. Орта сыныптарға буллинг пен кибербуллингтің мән-жайын ұғындырып, интернеттегі күмәнді әрекеттерден сақ болуды және түрлі қауіп-қатерден бас тартуды үйретеді. Сондай-ақ балалардың өз іс-әрекетіне жауапты болуы қалыптасады. Жоғары сыныптар мен колледж студенттеріне қаржылық…
Автор: Асылхан Бөрібай
Әзербайжан Каспий теңізінің деңгейі жыл өткен сайын құлдырап бара жатқанын айтып, дабыл қақты. Теңіз суының азаюы мұнай тасымалы мен порт жұмыстарына айтарлықтай қиындық тудырып отыр. Бұған қоса бекіре мен итбалықтың тіршілігіне үлкен қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Ertenmedia. Әзербайжан экология вице-министрі Рауф Гаджиев Reuters агенттігіне берген сұхбатында соңғы уақытта теңіз деңгейінің төмендеуі тіпті жылдамдай түскенін мәлімдеді. Оның сөзінше, кейінгі бес жылдың өзінде ғана теңіз деңгейі шамамен 1 метрге жуық төмендеген. Ал соңғы 10 жылда бұл көрсеткіш 1,5 метр, 30 жылда 2,5 метрге дейін жеткен. «Жыл сайын Каспий теңізі орташа есеппен 20–30 сантиметрге тартылып барады. Теңіздің жағалаудан алыстауы табиғи экожүйені бұзып,…
Жарты әлемге жаман қылығымен танылған Патох Шодиев өзінің «Евразиялық қаржылық компаниясынан» (ЕФК) 1 миллион теңге моральдық шығын талап етуде. Айна-қатесі жоқ бір миллион теңге! Түскі асына миллион теңге төлейтін Патох ака осылайша өзінің құнын қатты түсіріп жіберді (қазақ үшін оның өзі көк тиынға да тұрмайтыны белгілі). Ол ERG корпорациясын басқаруға келген жас менеджерлерді сотқа беріп, одан бір миллион теңге өтемақы талап етуі Шодиевтың қаншалықты пайдакүнем, күйкі адам екенін көрсетіп берді. Биыл шілденің соңында ЕФК директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын өткізу турасында шешім қабылдайды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралған – біріншісі директорлар кеңесінің құрамын анықтау болса, екіншісі өткен жылдардағы дивидендтерді бөлу.…
Жезқазғанда білім саласындағы шенеуніктер бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Сафура Түлекова, оның орынбасары және басқарманың бас бухгалтері бюджет қаржысын ірі көлемде жымқырды деп айыпталған еді. Тергеу нәтижесінде 2022–2023 жылдары білім басқармасының басшысы екі адамды қағаз жүзінде жұмысқа қабылдап, мемлекеттік бюджет есебінен тұрақты түрде заңсыз жалақы төлеп келгені анықталды. Шын мәнінде, ол азаматтар басқармада ешқандай қызмет атқармаған. Сонымен қатар, басқарма басшысы орынбасары және бас бухгалтерімен бірге қаржылық құжаттарды қайта-қайта өзгертіп, өздеріне және кейбір қызметкерлерге негізсіз сыйақы тағайындап отырған. Басқарманың бас бухгалтері де жалған іссапар құжаттарын жасап, мемлекеттік бюджеттен іссапар және баспана шығындарын…
Ақтөбе облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 22 800 орынға арналған 14 мектептің құрылысы жүргізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia Бүгінгі күні жалпы сыйымдылығы 2300 орын болатын екі мектеп пайдалануға берілді. Оның бірі – жобалық қуаттылығы 300 орындық Ақжар-2 тұрғын алабындағы №79 мектеп, екіншісі – 1868 оқушы оқитын, 2000 орынға арналған «Есет батыр» тұрғын алабының №3 шағын ауданындағы мектеп. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты – оқушы орындарының тапшылығын, апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселесін жою, сондай-ақ сапалы білім алуға заманауи, қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау. Барлық жаңа мектептер жаңартылған форматта салынып, толықтай қазіргі талаптарға сәйкес жабдықталады: оқу кабинеттері интерактивті құралдармен,…
Петерборға қоныс аударған, әлемжеліде «Русская казашка» есімімен әйгілі блогер Әлия Толстых Ресейде бала-шағасын мектепке орналастыра алмай, әуре-сарсаңға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Толстыхтың айтуынша, балаларының құжаттары талапқа сай, заңды тіркеуде болса да, Петербордағы мектеп әкімшілігі оларды бірден қабылдамапты. Мектеп басшылығы әуелі Ішкі істер министрлігінен Толстыхтың Ресейде заңды тұрып жатқандығы туралы анықтама талап еткен. Тек содан кейін ғана балаларын орыс тілінен емтиханға жіберетінін айтыпты. «Құжат жағынан мін жоқ. Бірақ мектеп әкімшілігі біздің елде заңды тұрып жатқанымызды дәлелдейтін ІІМ анықтамасын күтіп отыр. Осы анықтама келмейінше балаларымды емтиханға жібермейді. Жағдай қиындап барады. Тамыз айы аяқталды, 1 қыркүйек таяп қалды. Бұл күн оқушы мен…
2025 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 716 (2024 жылы 7 айы — 575) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өскен,- деп хабарлайды Ertenmedia Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 28,3% — ға артты (826-дан 1060-қа дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 26,7% — ға өсті (708-ден 897-ге дейін), қаза тапқандар саны 38,1% — ға өсті (118-ден 163-ке дейін). Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Жетісай — 107, Сайрам — 102, Түркістан қаласы — 93, Түлкібас — 46, Арыс — 45, Келес — 44, Төлеби — 36, Шардара — 33, Ордабасы — 32, Сауран — 30, Сарыағаш — 29, Созақ — 23, Отырар…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады,- деп хабарлайды Ertenmedia Электр энергетикасы: басты міндет – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету Электр энергетикасы саласындағы басты міндет – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандыру. Президенттің тапсырмасы аясында алдағы бес жылда кемінде 14 гигаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу міндеті алға қойылды. Бұл жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: жұмыс істеп тұрған стансаларды жаңғырту, энергия өндіретін жаңа қондырғылар салу, сондай-ақ гидро…
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2025 жылдың қорытындысында жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі бойынша Қазақстан Ресей мен Қытайды басып озады. Бұған назар аударған белгілі ресейлік бизнесмен Олег Дерипаска Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы логикалық тұрғыдан орынды екенін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Өзінің Telegram-каналында Дерипаска ХВҚ-ның деректерін күтпеген жаңалық деп санамайтынын атап өтті. Қор болжамы бойынша, 2025 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 14,77 мың долларды құрайды. Бұл Ресей (14,26 мың доллар) мен Қытайдан (13,69 мың доллар) жоғары көрсеткіш. «Бұл жерде экономикалық өсімнің негізгі факторларын тағы бір рет қайталаған жөн: меншік құқығының қорғалуы, шетелдік инвесторларды тарту, заң үстемдігі мен жемқорлық деңгейін төмендету,…
Елімізде жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 179 оқиға тіркеліп, оның 32-сі қайғылы оқиғамен аяқталды. Оқиғалардың негізгі себебі — ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Бұл туралы Түркістан облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Ақылбекұлы мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia «Облыс аумағында жыл басынан бері баланың терезеден құлауы бойынша 1 жағдай тіркеліп, 6 айлық нәресте ауыр жарақаттан көз жұмды. Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында 737 көпқабатты тұрғын үй бар. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Департаменттің ұйымдастыруымен балалардың қауіпсіздігі бойынша біршама іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, «Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз» тақырыбында Түркістан қаласындағы саябақтарда жастар мен балаларды терезе…
