Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін білдірді деп жазады Ertenmedia. Журналист Ерқанат Көпжасар министрге аз-кем сауал қойып, орталықтың ашылу тарихына қатысты ақпар берді. Министр орталықты 2022 жылы бастау алған идеяның жемісі екендігін айтты. – Біздің мәдениетімізді, әдебиетімізді, киномызды танытуға үлкен мүмкіндік бар. Кешенді жұмыс болады… Ұлттық киімді де қоюға тырыстық. Ең бастысы, біздің домбырамыз бен қазақ тілін үйренуге мүмкіндік бар. Екі класс ашылды, – деді Аида Балаева.

Толық оқу

Ел өңірлеріндегі журналистиканы жаңаша өркендетіп, жергілікті БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатуды мақсат еткен Бас редакторлар клубы стратегиялық әрі республикалық мәртебесі бар Алматы қаласына арнайы өкіл бекітті деп жазады Ertenmedia. Осы маңызды қызметке белгілі медиаменеджер, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы тағайындалды. Алматының ақпарат кеңістігінде жаңа медиажобаларды іске асыру міндеті енді Қалымбайұлының мойнына жүктелмек. Ержан Қалымбайұлы отандық журналистикадағы танымал тұлғалардың бірі. Түркияның Ыстамбұл университетінің докторанты, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Ол журналистік жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде бастап, кейінірек «Қазақстан РТРК» АҚ, «Жебе», «Айқын» газеттері, «Хабар агенттігі», «Qazaq radiosy», «Еларна» телеарнасы сияқты белді ақпарат құралдарында жауапты қызметтер атқарды.…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Бұл өңірде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шынайы іске асырылып жатқан көрінісі. Әкімнің қабылдауына Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандарынан келген тұрғындар қатысып, өз мәселелерін еркін жеткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Мұндай кездесулердің басты мәні билік пен халық арасындағы алшақтықты жою. Әкімнің алдына келген адамдардың басым бөлігі коммуналдық мәселелер, экология, тұрғын үй сапасы, кәсіпкерлік пен жұмыс орындары, білім беру және әлеуметтік қолдау бағытында өтініштер айтты. Мысалы, Сарыағаш ауданынан келген кәсіпкер өз нысанына қатысты мәселені шешуді сұрады,…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды метрополитен жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Жұмыс сапары кезінде «Қалқаман» стансасынан «Барлық» базары ауданына дейін метроның бірінші желісінің үшінші кезегін дамыту, сондай-ақ «Қалқаман» стансасының өзінің құрылысын салу жоспарлары туралы айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жаңа желінің ұзынлығы 5 шақырымнан астам, үш станцияны қамтиды. Олар Наурызбай ауданы әкімдігінің жанында, Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында, сондай-ақ «Барлық» базарының жанында. Мұнда қалааралық автовокзал, метро, жеңіл рельсті көлік және автотұрақты біріктіретін ірі көлік торабын құру қарастырылған. «Қалқаман» стансасының құрылысына ерекше назар аударылды. Оның қызметтерін күн сайын жүз мыңнан астам жолаушы…

Толық оқу

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген әлеуметтік және медициналық бағыттағы тапсырмаларды орындау жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бұл бағыттағы шаралар тек қағаз жүзіндегі жоспар емес, өңірдің әр ауылында, әр ауданында халықтың тұрмысын жеңілдетуге бағытталған нақты істер арқылы көрініс тауып отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Қазіргі таңда облыс халқының 83 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылып, 1,7 миллионнан астам тұрғынды құраған. Ал 351 мың тұрғын әлі де жүйеден тыс қалып отыр. Олардың ішінде 85 мыңнан астамы жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топ өкілдері. Бұл азаматтарды қорғау үшін жергілікті бюджет есебінен…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтің басты назары Жолдаудың негізгі қағидаттарын іс жүзіне асыруға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік қолдаудың проактивті және атаулы моделіне көшу жүзеге асырылып жатыр, барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті орта қалыптастырылуда. Экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және сапалы жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылуда. «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуде, қауіпсіз еңбек…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында ЛГБТ насихатына заңмен шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты деп жазады Ertenmedia. Үкіметтік емес ұйымдардың жасаған зерттеуіне күмән келтіруге болмайды деп ойлаймын. Себебі сарапшылар зерттеулерін арнайы комиссияға келіп айтты. Шынында бізде ЛГБТ өкілдерінің насихаты бар екені рас. Оны өзіміз де көріп отырмыз. Әсіресе әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейді. Өздерінің сол қауымдастықтың өкілі екенін ашық түрде жариялап, үгіт жұмыстарын жүргізіп отыр, — деді депутат. Оның айтуынша, ЛГБТ өкілдері акциялар да ұйымдастырып жүр. – Егер жеке басыңыздың мәселесі болса, түсінемін. Оны қоғамға жария етпей, өз бағытыңызда жүруіңіз керек деп ойлаймын. Ал енді сол…

Толық оқу

Жаңа оқу жылының қарсаңында «AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасы аясында 16 жыл қатарынан «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде. Бұл игі дәстүр жыл сайын балаларын мектепке дайындауда қаржылай көмекке зәру отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылады. Биыл 26 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 49 500 бала көмек алды. Оларға оқу құралдары салынған сөмкелер, мектеп формасы және басқа да қажетті заттар табысталды. Соңғы үш жылдың ішінде аталған акция аясында 130 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетілді. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өзінің Instargam парақшасында атап өткендей, балаға деген қамқорлық болашаққа салынған инвестиция. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Адал азамат дәл…

Толық оқу

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды. Осы сапарға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ілесіп барған «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың бірқатар ірі компанияларының өкілдерімен маңызды келіссөздер өткізді деп жазады Ertenmedia. Оның ішінде China Railway Group Limited, PowerChina, TBEA, CRRC, CNPC, CCCC, Huawei Technologies, China Southern Grid және SANY Group секілді алпауыт корпорациялар бар. Тараптар энергетика, көлік, логистика, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның энергетикалық жүйесін жаңғырту, теміржол мен порт инфрақұрылымын салу, баламалы энергия көздерін дамыту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.…

Толық оқу
Жапаров

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел дамуының жаңа кезеңіне арналған стратегиялық бастаманы жариялады. Конституция күніне орай жасаған жолдауында ол мемлекетті «Жаңа Қырғызстанға» айналдыру туралы бастама көтерді деп жазады Ertenmedia. «Біздің мақсатымыз тек сыртқы жетістікпен ғана емес, әр азаматтың ішкі байлығымен, рухани тазалығы, адамгершілігі, қонақжайлығы, терең білім-білігімен ерекшеленетін Жаңа Қырғызстан құру», – деді Жапаров. Президент 2030 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасының басымдықтарын да атап өтті. Олар тұрақты экономикалық өсім, өмір сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және рухани құндылықтарды нығайту. Жапаров елде басталған реформалар жалғасатынын айтты. «Конституциялық реформа билік құрылымын өзгертті, экономикада тұрақты өсім белгілері байқалды, қоғамда тұрақтылық орнығып келеді. Сыртқы саясатымыз да…

Толық оқу