Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жасаған жұмыс сапарында өңірдің даму бағыттарын түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті. Әкімнің сөзімен айтқанда, енді аудан жетістіктермен емес, нақты нәтижемен бағалануы керек. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту, жергілікті бюджеттерді нығайту және ауылдық округтердің өздігінен табыс табу қабілетін арттыру басты міндет, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Кездесу барысында Нұралхан Көшеров ауылдық округ әкімдерінің жұмысын сын тезіне салды. «Көрсеткіш бар, нәтиже жоқ» деген сөз жиында бірнеше рет қайталанды. Әкімнің айтуынша, кейбір ауыл басшылары есеп берумен ғана шектеліп, нақты әрекетке көшпей отыр. Ал мұндай…

Толық оқу

Түркістан облысының Ордабасы ауданында мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ерекше әлеуметтік нысан балалар музыка мектебі бой көтеріп жатыр. Мұны елде әділдік принципіне негізделген жаңа саясаттың нақты көрінісі десек болады. Бір кездері заңсыз иемденілген қаражат енді халықтың игілігіне қайта оралып, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асып жатқан бұл бастама еліміздің мәдени және рухани жаңғыруына тың серпін берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Темірлан ауылындағы мектеп өнер мен руханияттың жаңа ордасына айналмақ. Жобаның жалпы құны 889,2 миллион теңге, ал қаржы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында әлеуметтік қолдау, білім беру және еңбек нарығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлімдеді. 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жарияланып, өңірде осы бағытта кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Облыс әкімі бекіткен 7 бағыттан тұратын 64 тармақты жоспар аясында кәсіптік білім беру, жұмысшы мәртебесін көтеру, жастарға кәсіптік бағдар беру және еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуге басымдық берілді. Облыстағы 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 47 мыңнан астам студент 75 мамандық бойынша білім алып жатыр. Оның…

Толық оқу

Енді банкоматтан ақша алғанда оны картаның ресми иесі ғана шешіп ала алады. Тіпті жұбайы немесе жақын туысы болса да, басқа адамның картасынан ақша алу мүмкін емес, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. «Кейде жұбайлардың бір-бірінің картасынан ақша шешіп ала алмай жатқаны осы жаңа талапқа байланысты. Жаңа ереже бойынша, карта тек оның иесінің өзіне қызмет етеді», – деп түсіндірді ол. Әбілқасымованың айтуынша, жаңа талаптар алаяқтықпен күрес мақсатында енгізілген. Сондай-ақ бұл шара картасын қылмыстық топтарға жалға беріп жүргендерге («дропперлерге») тосқауыл қою үшін жасалды. «Жаңа ережеге сай, банк картасын тек оның иесі ғана пайдалана алады. Банктер…

Толық оқу

Бұған дейін қайырымдылық қорынан миллиардтап қаржы жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның тәркіленген мүлкі саудаға шығарылмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аукционнан түскен қаражат жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалады. Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің айтуынша, қазір сот орындаушылары істі қолға алып, мүліктерді сатуға дайындауда. Қайырымдылыққа деп жиналған қаржыға Перизат Қайрат пен анасының сатып алған мүлкі аз емес. Оның ішінде астанадағы элиталық тұрғын үйлердегі төрт бірдей пәтер, Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, қымбат көліктер мен бизнес үлестері бар. Тәркіленген мүліктер тізімінде: Vela Village қалашығындағы элиталы коттедж; Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі…

Толық оқу

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Astana Finance Days форумында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) жеке басқаруға беру жоспары туралы айтты деп жазады Ertenmedia. Сүлейменовтің пікірінше, қазіргі кезде Қазақстанның қаржы секторындағы жағдай тұрақты, алайда инфляция өсімін тежеп, теңге бағамын нығайту мәселесінде әлі де көп жұмыс істеу керек. Оның бірден-бір жолы мемлекеттік активтерді тиімді басқару, әсіресе халықтың зейнетақы жинағын тиімді инвестициялау. «Еліміздегі зейнетақы қорын біртіндеп жеке басқаруға беруіміз керек. Әрине, бұл іске өте сақ әрі үлкен жауапкершілікпен келеміз. Қатаң қадағалау жүргіземіз. Бірақ қорды жеке секторға тапсырудан басқа тиімді жол көріп тұрған жоқпыз», – деді Ұлттық банк басшысы. Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың зейнетақы…

Толық оқу

Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайларда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. – Түркістан облысы бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді 2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп,…

Толық оқу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім министрлігі бірлесіп ғылыми деректер, халықаралық ұсынымдар негізінде мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Аталған стандарт – балалардың дұрыс және ұтымды тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Еліміздегі мектептердің ас мәзірінен құрамында қанты бар сусындар мен шырындар, шұжық өнімдері, ысталған ет, спред-май және дәм мен иіс күшейткіштері бар өнімдер алынып тасталды. Есесіне балалардың физиологиялық қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа піскен көкөністер мен жемістердің үлесі арттырылып, олардың рациондағы орны күшейтілді. Бұл стандарттар балалар арасында семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін төмендетуді…

Толық оқу
жол

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары кезінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Жалайыров пен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков құрылыс жұмыстарының барысын түсіндірді. Депутаттар жол сапасын қадағалау, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеу, әсіресе, түнгі уақытта жүрісін тоқтату мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, карьерлерден шығатын жүк көліктерінің тазалығын бақылауды күшейту туралы ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта депутаттар өңірдегі басқа да жол құрылыс нысандарын аралап көрмек. Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы кезекті сессияда басқарма басшысының атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалады. Айтқандай, Ауыл…

Толық оқу

Түркістан облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын арттыру мақсатында 60 жаңа санитарлық автокөлік алынып, медициналық мекемелерге табысталды. Жаңа көліктердің жалпы құны – 4,2 млрд теңгеден асады,деп жазады Ertenmedia.kz. Заманауи жабдықтармен толық жабдықталған жедел жәрдем көліктері облыстың барлық аудандары мен қалаларына таратылып, жедел жәрдем қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа техниканың медициналық құрал-жабдықтары ересектерге де, 1 жастан асқан балаларға да арналған. Автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппаратымен, дефибриллятормен, жүрек-өкпе реанимациясына арналған жиынтықпен, электрокардиографпен жабдықталған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жедел жәрдем көліктерін тапсыру рәсімінде бұл бастаманың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін ең қымбат құндылық» деген…

Толық оқу